Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жаңа оқу жылы: Қала мектептеріндегі балалар қауіпсіздігі басты назарда
    Жаңалықтар

    Жаңа оқу жылы: Қала мектептеріндегі балалар қауіпсіздігі басты назарда

    SalemnewsSalemnews25.08.202562 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp
    Фото: ӨКҚ

    Жаңа оқу жылының басталуымен бірге қала мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ең өзекті мәселеге айналды. Биыл облыс бойынша 339 мектепте 189 288 бала білім алуды жоспарлап отыр. Сондықтан әрбір оқушының мектепке бару және қайту жолындағы, сондай-ақ мектеп ауласындағы қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейді.

    Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, жаңа оқу жылы қарсаңында жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары күшейтілуде. ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Мейрамбек Манатов пен Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұркен Бақтияровтың айтуынша, «Білім күніне» арналған арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, облыс бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 594 қызметкер және 139 қызметтік автокөлік жұмылдырылған.

    Осы шаралардың аясында мектептер мен оған іргелес аудандарда оқушылар арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қосымша бақылау күшейтілген. Ата-аналарға балалардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда болмауын қатаң бақылау, сондай-ақ 1-4 сынып оқушыларын тек өздері алып қайту қажеттігі ескертілуде.

    Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерімен қала мен аудан орталықтарындағы мектеп маңындағы көше-жол тораптарында орналасқан техникалық құрылғылар мен жол белгілеріне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін қала және аудан әкімдеріне 30 хабарлама-ұсыныс пен 177 нұсқама жолданды. Қазіргі таңда 67 жол белгісі мен 29 жасанды тегіс-еместік қондырғысы қалпына келтіріліп, жаңадан 72 жол белгісі орнатылды, сондай-ақ 110 жерде жаяу жүргінші жол үсті таңбалары жаңартылды.

    Осы шаралар қала мектептеріндегі балалардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және оқушылардың жолдағы, мектеп ауласындағы амандығын қамтамасыз етуге зор үлес қосады.

    Previous ArticleҚаламызда үздіксіз қызмет ететін лагерь болады
    Next Article Бабалар ізімен жеткен асыл қазына
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.