Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Блог»Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары
    Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    SalemnewsSalemnews14.07.2026162 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Микро-Техно» жеке кәсіпкерлігі (Salemnews.kz ақпарат агенттігінің меншік иесі)1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды берудің ақысы, шарттары мен тәртібін назарларыңызға ұсынады.

    Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтай отырып, біз өз алаңымызда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын ашық, тең құқылы әрі түсінікті шарттармен орналастыруды ұсынамыз.

    1. Үгіт-насихат науқанының мерзімі

    Басталуы: 2026 жылғы 23 шілде, сағат 18:00-ден кейін;

    Аяқталуы: 2026 жылғы 22 тамыз, сағат 00:00-де.

    2. Қызметтер құны (Прайс-парақ)

    3. Келісімшарт жасасу және құжаттарды тапсыру

    Өтініштер 2026 жылғы 14 шілдеден бастап қабылданады. Орналастыру кезектілігі өтініштердің түсу ретімен анықталады.

    Қандай құжаттар қажет?

    • Партиялық тізімнің тіркелгенін растайтын құжат көшірмесі;
    • Саяси партияның сенім білдірген адамының өкілеттігін растайтын құжат (уәкілетті орган берген куәлік);
    • Сенім білдірген адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
    • Келісімшартқа қол қоюға құқық беретін өкілеттік құжаттары.

    4. Ең маңызды талаптар

    • Мерзімі: Дайын материалдар жарияланардан кемінде 1 (бір) күнтізбелік күн бұрын жіберілуі тиіс.
    • Міндетті ақпарат: Заңға сәйкес, әрбір жарнамалық материалда оны қаржыландыру көзі және ақпаратты ұсынған жауапты тұлғаның (сенім білдірген адамның) аты-жөні міндетті түрде көрсетілуі керек.
    • Мазмұнға жауапкершілік: Жіберілген мәтін мен видеоның ҚР заңнамасына сәйкестігіне тапсырыс беруші тікелей жауапты.
    • Жариялаудан бас тарту: Salemnews.kz редакциясы ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыратын, конституциялық құрылысқа қауіп төндіретін, сондай-ақ өзге кандидаттардың ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялаудан бас тартуға толық құқылы.

    5. Қысқаша техникалық талаптар

    • Мақалалар (PR): Тақырып 90 таңбадан, кіріспе (лид) 200 таңбадан аспауы тиіс. Мақалаға сапасы жоғары 5 суретке дейін (1920х1080px) қосуға болады. Қону бетіне (landing page) сілтеме беру міндетті.
    • Баннерлер: HTML5, GIF, JPEG, PNG форматтарында қабылданады (көлемі 150 Кб дейін). Анимация ұзақтығы 30 секундтан аспауы шарт. Оқырманның көзін қарықтыратын жыпылықтау эффектілеріне тыйым салынады.
    • Видео (Reels, TikTok): MP4 немесе MOV форматында, 1080×1920 ажыратымдылығында (9:16) болуы керек. Ұзақтығы 1 минутқа дейін.

    6. Төлем жасау тәртібі

    Қызмет ақысы Salemnews.kz редакциясы ұсынған төлем шоты негізінде, шот жазылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аударылуы тиіс.

    Біздің мекенжайымыз және байланыс: Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін тікелей кеңседе қабылданады (факс немесе интернет-байланыс арқылы өтініштер заңдық талаптарға байланысты қабылданбайды).

    Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел 19, 302 кабинет.

    Редакция телефоны: +7 778 402 0511

    Электронды пошта: salemnews.media@gmail.com

    Құрылтай сайлауы
    Previous ArticleБүлік пен білім арасы: Сирияға аттанбақ болған бұрынғы әскери барлаушының ашық сыры
    Next Article Ақтөбе облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 3 тұрғын іздестіріліп жатыр
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.