Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Бабалар ізімен жеткен асыл қазына
    Жаңалықтар

    Бабалар ізімен жеткен асыл қазына

    SalemnewsSalemnews25.08.202541 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Сол жағалаудың көркін келтірген әсем ғимаратта орналасқан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері рухани сапар жасады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Тарих қойнауын ақтарып, өткенге ой жүгірту – бүгінді бағамдауға себеп. Осы тұста, құндылықтың құнын, мұраның маңызын білген ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері сол жағалаудан бой көтерген облыстық тарихи-өлкетану музейіне рухани сапар жасады.

    Музей директорының орынбасары Жанат Ахметова жылы қарсы алып, экскурсияны жүргізген Бақнұр Жолмырза сандық және мультимедиялық технологиялармен жабдықталған 11 экспозициялық залдағы мұралар жайында мардымды мәлімет берді. Бұл – тарих таспасын кері айналдырып, әр дәуірдің кезеңіне үңілуге түрткі болды.

    Мұнда 70 мыңнан астам экспонат сақталымда екен. Экскурсия барысында қызметкерлер өлкенің өткені мен бүгінін баяндайтын деректермен де танысты. Әрбір жәдігер – ата-бабамыздың өмір салтын өрнектеп, халықтың даналығын дәріптеп, ұлттың ұлылығын айшықтайтын негізгі айғақ.

    – Қарбалас жұмыстан уақыт тығыз болып, кейде көп нәрсеге бірдей көңіл бөлу мүмкін еместей көрінеді. Бірақ, жеке құраммен жұмыс тобының ұйымдастыруымен жаңа музейге жол тарттық. Санамыздың серпіліп қалғаны рас. Музейді қызығушылықпен араладық. Алған әсерім де бөлек. Туған жердің әр тасында тарих, әр жәдігерінде тағылым бар екенін сезіндім, — дейді әділет кіші сержанты Б.Қуандық.

    Алдағы уақытта да ұрпаққа аманат болған ұлы мұраларды қадірлеп, ұлықтау үрдісін үзбеуге тырысамыз.

    Департамент Мұражай рухани сапар
    Previous ArticleЖаңа оқу жылы: Қала мектептеріндегі балалар қауіпсіздігі басты назарда
    Next Article Қызылордадағы білім саласына жаңа серпін: Қалада «Келешек мектебі» ашылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.