Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ
    Жаңалықтар

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    SalemnewsSalemnews13.10.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қарағандыда 500-ден астам адамның сеніміне кірді деп айыпталған кәсіпкер әйелге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды. Ол Қытайдан тауарларды арзан бағамен жеткізіп беруге уәде берген. Алайда азаматтар оған сеніп, жалпы сомасы бір миллиард теңгеге жуық ақша аударған. Бұл туралы Salemnews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Жәбірленуші Анастасия Семёнова адамдардың кәсіпкерге сенуіне оның сенімді сөйлеп, түрлі жарнама арқылы жұртты иландыра алуы себеп болғанын айтты.

    “Адамдар оның әдемі сөйлегеніне сенді. Жақсы алдапты. Мысалы, көлік сатып алуға қатысты түрлі жарнама жасайтын. Олар жарнаманы басқа адамдарға ұсынатын, бірақ көліктерді өздері жеткізбейтін. Осылайша адамдардың сеніміне кіріп, олардан барлық ақшаны аудартқан. “Автовозда соңғы орын қалды, үлгеріп қалыңыздар, сатып алыңыздар” деп асықтыратын”, – деді ол.

    Ақмола облысының тұрғыны мессенджерлер арқылы елдің түкпір-түкпірінен тапсырыс қабылдап, алдын ала төлем жинаған. Ол тұрмыстық заттар, киім-кешек, тіпті көлік те сатуға уәде берген. Қызметін блогерлер арқылы жарнамалап, әлеуметтік желіде сән-салтанатты өмірін көрсеткен.

    Алайда тауарды алғашқы клиенттер ғана алған. Қалған сатып алушылар екінші жыл қатарынан тапсырыстарын күтіп жүр.

    Қазір кәсіпкер әйел мен оның менеджері үйқамақта отыр. Айыпталушының жеті баласы болса, менеджерінің кәмелетке толмаған баласы бар.

    Жүздеген жәбірленуші екі әйелді 10 жылға бас бостандығынан айырып, келтірілген шығынды толық өтеуге міндеттеуді сұраған. Ал прокурор кәсіпкер әйелге бір жылға кейінге қалдыру шартымен 6 жыл 8 ай жаза тағайындауды сұрады.

    Айыпталушы өзін ақтауды сұрап, кәсіптегі қиындықтардан соң осындай жағдайға тап болғанын айтты. Оның сөзінше, бостандықта жүрсе, адамдардың ақшасын қайтарып бере алады.

    “Жеткізуші ретінде өз міндеттерімді орындай алмадым. Тапсырыс берушілер өте көп болды, сондықтан тауарларды жеткізу мерзімі де ұзарып кетті. Өз мүмкіндігімді асыра бағалап, тауарларды жеткізе алмадым. Адамдарға ақшасын қайтаруға мүмкіндік беруіңізді сұраймын”, – деді айыпталушы.

    алаяқтық сот
    Previous ArticleӘзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды
    Next Article Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026

    Енді несие алған қазақстандықтар одан 14 күн ішінде қайта бас тарта алады

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.