Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қаламызда үздіксіз қызмет ететін лагерь болады
    Жаңалықтар

    Қаламызда үздіксіз қызмет ететін лагерь болады

    SalemnewsSalemnews24.08.202571 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: freepik.com

    Президент саябағы қайта жаңғыртылып, жанынан жыл бойы жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар лагері бой көтеруде, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұл жерде балалардың дария жағалауында серуендеуіне, таза ауамен тыныстауына жағдай жасалады. Лагерь жеткіншектердің бойына күш-қуат жинайтын, көңілін сергітіп, білімін шыңдайтын ерекше орын болмақ.

    Оған қоса, саябақта Ботаникалық білім беру орталығының (қысқы бақ) ғимараты салынуда.

    Бақ ішінде Қытай, Оңтүстік Африка, Жапония, Оңтүстік және Орталық Америкада өсетін жасыл желектер егіледі.

    Бұл жас өрендердің ой-өрісін кеңейтіп, өсімдіктердің экожүйедегі маңызын түсінуіне мүмкіндік береді. Жасыл екпелерді өсірудің ерекшеліктерін, табиғатты аялауды тәжірибе жүзінде үйренеді.

    Бұл туралы «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз мәслихатында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

    «Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына лагерьді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

    Балаларымыздың бос уақытын жанға жайлы саялы орында, қауіпсіз ортада тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында бірнеше саябақ, аллеялар мен скверлер салынып, қайта жаңғыртудан өтуде»,- деді облыс әкімі.

    Айта кетейік, балалардың үздіксіз білім алуы үшін өңірдегі «Қамбаш», «Талдысу» лагерьлері жыл он екі ай жұмыс істейді. Қажетті қаржысы облыстық бюджеттен қаралған.

    Оқушылар лагерь базасында республикалық, халықаралық олимпиадаларға дайындалып, үздік ұстаздардың тәлімін алып, дәрісін тыңдайды.

    Президент паркі тынығу лагері
    Previous ArticleТүлектер биыл да алдыңғы қатардан табылды
    Next Article Жаңа оқу жылы: Қала мектептеріндегі балалар қауіпсіздігі басты назарда
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.