Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Танымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін бірден өртеніп кетті
    Жаңалықтар

    Танымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін бірден өртеніп кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    видеодан скриншот

    Бразилияда танымал әнші Рей Вакейро мінген ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, кейін өртеніп кетті. Бортта сегіз адам болған, олардың барлығы эвакуацияланып үлгерген, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Оқиға 13 қыркүйекте Риу-Гранди-ду-Норти штатындағы Парельяс әуежайында болған.

    Sahara Reporters мәліметінше, Cessna 550 Citation Bravo ұшағы қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Артынша өрт тұтанып, жалын ұшақтың екі қозғалтқышын да шарпыған.

    Бортта әнші Рей Вакейроны қоса алғанда сегіз адам болған. Барлық жолаушы мен экипаж мүшелері ұшақтан дер кезінде шығып үлгерген. Кейбір адамдар жеңіл жарақат алғанымен, ауыр зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

    Өртсөндірушілер жалынмен бірнеше сағат бойы күрескен. Соған қарамастан ұшақ толығымен жанып кеткен.

    Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады. Кадрлардан қонғаннан кейін жалынның ұшақтың алдыңғы бөлігіне жайылғанын көруге болады.

    Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы – CENIPA зерттеп жатыр. Мамандар ұшақтың неліктен ұшу-қону жолағынан шығып кеткенін және өрттің шығу себебін анықтауы тиіс.

    Previous ArticleҚарағандыда Ұлттық ұлан оркестрі карусельге мініп, ерекше концерт қойды
    Next Article Шаршаған такси жүргізушісіне демалуға мүмкіндік берген жолаушы рөлге өзі отырған
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.