Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қарағандыда Ұлттық ұлан оркестрі карусельге мініп, ерекше концерт қойды
    Жаңалықтар

    Қарағандыда Ұлттық ұлан оркестрі карусельге мініп, ерекше концерт қойды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Tengrinews.kz (видеодан скриншот)

    Қарағандыда Қазақстан Ұлттық ұланының музыканттары ерекше форматта өнер көрсетіп, көпшіліктің назарын аударды. Оркестр мүшелері Орталық саябақтағы карусельге отырып, аттракцион қозғалып тұрған кезде музыкалық композиция орындаған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Ерекше қойылым түсірілген видео кейін әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

    Оркестр бастығы Шыңғысхан Жасұланның айтуынша, бұл идея әлеуметтік желідегі америкалық трендтен туындаған. Музыканттар карусель үстінде ойнап тұрған шетелдік әріптестерінің видеосын көріп, оны Қазақстанда қайталауды ұйғарған.

    «Instagram желісінен бірнеше музыкант карусельде ойнап тұрған америкалық трендті көріп, оны қайталауды жөн көрдік», – деді дирижер.

    Музыканттар бұл бастаманы бірден қолдаған. Ал ефрейтор Қуаныш Жексенбаев түсірілім жұмыстарын ұйымдастырып, идеяны жүзеге асыруды қолға алған.

    Ұлттық ұлан оркестрі Қарағандыға Guard Next жастар жобасы аясында гастрольдік сапармен келген. Жобаның негізін Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің бастығы, майор Төрехан Жаудинов қалаған.

    Орталық саябақтағы өнер көрсету кезінде музыканттар жоспарлаған ерекше идеясын іске асырып, аттракциондардың бірінде отырып концерт қойған.

    Previous Article«Кітап оқитын ұлт» марафонына миллион адам қосылды
    Next Article Танымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін бірден өртеніп кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.