Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шаршаған такси жүргізушісіне демалуға мүмкіндік берген жолаушы рөлге өзі отырған
    Жаңалықтар

    Шаршаған такси жүргізушісіне демалуға мүмкіндік берген жолаушы рөлге өзі отырған

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    NDTV

    Үндістанда такси жолаушысы шаршаған жүргізушіге демалуға мүмкіндік беріп, көлікті өзі басқарған. Бұл оқиға әлеуметтік желіде көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    NDTV мәліметінше, Шивам Мишра Ноида қаласынан Лакхнауға бару үшін қалааралық таксиге тапсырыс берген. Жол барысында ол жүргізушінің қатты шаршағанын және алдыңғы күннен бері дұрыс демалмағанын байқаған.

    Жолаушы шаршаңқы күйде көлік жүргізудің қауіпті екенін түсініп, таксистке сапарды жалғастыруды талап етпеген. Оның орнына жүргізушіге артқы орындыққа ауысып, біраз ұйықтап алуды ұсынған.

    Содан кейін Мишра рөлге өзі отырып, жолды жалғастырған. Ал оның жанындағы алдыңғы орындыққа бауыры отырған.

    Оқиға түсірілген видео кейін Instagram желісінде жарияланып, көпшілік арасында тез тарады.

    «Әр адамға мейірімділік танытыңыздар», – деп жазды Шивам Мишра видеоға.

    Ол мұндай жағдайда адамға ашуланудың немесе одан қызметін жалғастыруды талап етудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

    Әлеуметтік желі қолданушылары жолаушының әрекетін жоғары бағалап, оның шешімі жолдағы қауіпті жағдайдың алдын алуға көмектескенін жазды.

    Previous ArticleТанымал әнші мінген ұшақ қонғаннан кейін бірден өртеніп кетті
    Next Article Бурабайда Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның арнаулы қызмет басшылары кездесті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.