Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Түлектер биыл да алдыңғы қатардан табылды
    Жаңалықтар

    Түлектер биыл да алдыңғы қатардан табылды

    SalemnewsSalemnews24.08.202542 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Freepik.com

    Сыр өңірінің мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде қатарынан екінші жыл үздік көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Сыр өңірінің мектеп бітіруші түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен республикада екінші жыл қатарынан үздік атанды. ҰБТ-ға қатысқан 9352 оқушының орташа балы 75,7, бұл көрсеткіш республикада 70,1.

    Жоғары оқу орындарына бөлінген мемлекеттік грантты иемдену бойынша да талапкерлеріміз республикада бірінші орынға шықты. 4818 грант иегерінің орташа балы 45,4, ал республикалық көрсеткіш 29,1 болған.

    Бұл туралы «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз конференциясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев айтты. «Жақында Мемлекет басшымыз Ақордада халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады.

    Кездесуде «Білім саласындағы беделіміз артып келе жатыр. Былтырдан бері оқушыларымыз 30-дан астам халықаралық олимпиада мен ғылыми жарысқа қатысып, мыңға жуық медаль алды.

    Бұл тамаша көрсеткіш Қазақстандағы білім сапасының жоғары деңгейін көрсетеді», — деп атап өткен болатын.

    Сыр өңірінің өрендері білімге деген ұмтылыстың, нағыз еңбекқорлық пен табанды іс-әрекеттің арқасында зияткерлік жарыстарда толайым табыстарға қол жеткізуде.

    Халықаралық додаларда топ жарып, республикалық олимпиадаларда үздіктер қатарынан көрінуде.

    Осы сәтті пайдаланып, барша Сыр ұстаздарына шынайы алғысымды білдіремін.

    Келешекте Сыр өңірінің жеткіншектері отандық ғылымда инновациялық идеяларды дамытып, егемен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосады.

    Біз олардың болашағына үлкен үміт артып, жарқын жетістікке жететініне сенеміз.

    Облыстық білім басқармасына экономика және қаржы басқармасымен бірлесіп, ізденімпаз, зияткер шәкірттерді қаржылай қолдау бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын»-, деді аймақ басшысы.

    Бітірушілер грант иегері үздік
    Previous Article“Келешек мектептері” ұлттық жобасы өңірде сәтті орындалуда
    Next Article Қаламызда үздіксіз қызмет ететін лагерь болады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.