Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»“Келешек мектептері” ұлттық жобасы өңірде сәтті орындалуда
    Жаңалықтар

    “Келешек мектептері” ұлттық жобасы өңірде сәтті орындалуда

    SalemnewsSalemnews23.08.202532 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Облыс әкімінің төрағалығымен және мәслихат төрағасы, жауапты сала басшыларының қатысуымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы және құрылыс саласында атқарылған жұмыстар сараланған жиын өтті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы және құрылыс саласында атқарылған жұмыстар сараланған жиын өтті. Басқосуға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, жауапты сала басшылары, қала және аудан әкімдері мен құрылыс компанияларының басшылары қатысты.

    Аймақ басшысы ауқымды жобаларды жүзеге асыру барысында сапаға баса  мән беруді тапсырды.

    «Жаңадан пайдалануға берілетін нысандардың өңіріміз үшін маңызы зор. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясындағы мектептердің, 11 мың орындық жаңа стадион мен тұрғын үйлер құрылысының сапасы мен табысталу мерзіміне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Құрал-жабдықтары, жан-жағының абаттандырылуы  толық дайын болуы керек», — деді Н.Нәлібаев.

    «Келешек мектептері» ұлттық жобасымен облысымызда 10 мектеп салынып, пайдалануға берілуде. Осыған дейін 6 мектеп  іске қосылған. Қалған 4 мектептің 3-еуі (Қызылорда қаласы Арай м/а 1500 орындық, Қызылжарма м/а 600 орындық және Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектептер) жаңа оқу жылына дейін, тағы 1 мектеп (Қызылорда қаласы СПМК-70 м/а 1500 орындық мектеп) екінші тоқсанға дейін ел игілігіне табысталады деп күтілуде.

    Жас ұрпақтың білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
    Қаржыландырудың барлық көзінен өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды. Облыстық бюджеттен бөлінген 5 млрд. 700 млн. теңге қаржыға 9 мектепке 2 900 орындық қосымша ғимарат салынды. Нәтижесінде үш ауысымдық мектеп мәселесі түбегейлі шешімін тапты. 

    жиын Келешек мектептері Нұрлыбек Нәлібаев
    Previous ArticleӘкім есебі: Тасбөгетте ел игілігі үшін қандай тірлік атқарылды?
    Next Article Түлектер биыл да алдыңғы қатардан табылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.