Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Сапасыз үй салғандар халықтың қарғысына қалып жатыр»: Мәжілісте құрылыс сапасына қатысты қатты сын айтылды
    Жаңалықтар

    «Сапасыз үй салғандар халықтың қарғысына қалып жатыр»: Мәжілісте құрылыс сапасына қатысты қатты сын айтылды

    SalemnewsSalemnews08.10.202572 Mins Read
    Фото: видеодан скрин
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бүгін Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексі мен оған ілеспе заң жобалары талқыланып, депутаттар саладағы өзекті мәселелерді ашық сынға алды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі. Талқылау барысында ең өткір пікірді депутат Мұрат Әбенов айтты. Ол құрылыс сапасының төмендігін елдің абыройына нұқсан келтіретін ұлттық деңгейдегі проблема деп атады.

    «Құрылыс сапасы — мемлекеттің абыройы. Сапасыз үй салғандар халықтың қарғысына қалып жатыр. Біреу ипотекамен 20 жыл төлейді, ал екі жылдан кейін қабырғасы жарылып, төбесі опырылады. Бұл — жай қателік емес, азаматтың тағдырымен ойнау», — деді депутат.

    Ол сондай-ақ жол мен инженерлік желілердің сапасына да тоқталып өтті. Әбеновтің сөзінше, кейбір аймақтарда жөндеу жұмыстары екі апта өтпей қайта қазылады, ал жауаптылар “кепілдік мерзімі бар” деп ақталады.

    «Жол төсейді, екі аптадан кейін қайта қазады. Бұл дегеніміз — жүйе сөгіліп жатыр деген сөз. Құрылысты ар-ұятпен, адам өмірін ойлап істеу керек. Әрбір шенеунік өз қолымен салған үйде тұруға дайын болса ғана сапа пайда болады», — деді ол.

    Мәжілісте талқыланған жаңа Құрылыс кодексі құрылыс саласындағы бақылауды түбегейлі өзгертуді көздейді.

    Құжатқа сәйкес: сейсмикалық қауіпті аймақтарда жобалау талаптары күшейтіледі; құрылысшылар мен жобалаушылар міндетті түрде сертификаттаудан өтеді; мүгедектігі бар адамдарға арналған қолжетімді орта — заң талабы ретінде бекітіледі; нысандардың бүкіл өмірлік циклы цифрлық жүйеде бақыланады.

    Бұдан бөлек, қоғам өкілдерінің құрылыс жобаларын талқылауға қатысу тетіктері де қарастырылған. Бұл халықтың пікірін ескермей қабылданатын шешімдердің алдын алуға бағытталған. Депутаттар құжатты бірінші оқылымда қолдап, екінші кезеңге дейін 1 700-ден астам ұсынысты қарауға келісті.

    «Бізге енді қағаздағы емес, өмірде жұмыс істейтін заң керек. Әр нысанның артында адам тағдыры тұр. Сол себепті құрылыс сапасы — тек министрліктің емес, бүкіл мемлекеттің жауапкершілігі», — деп түйіндеді Мұрат Әбенов.

    Жаңа Құрылыс кодексі қабылданса, құрылыс саласындағы жауапсыздық пен жемқорлыққа қарсы нақты шаралар енгізілмек.

    Депутат Мәжіліс
    Previous ArticleҚазақстанда үздік мұғалім 4 млн теңге алады
    Next Article Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз кенеттен көз жұмды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.