Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда үздік мұғалім 4 млн теңге алады
    Жаңалықтар

    Қазақстанда үздік мұғалім 4 млн теңге алады

    SalemnewsSalemnews26.09.202591 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Биыл “Үздік педагог” республикалық байқауының іріктеу кезеңіне (аудандық) 1 468 маман қатысып, одан өткен 793 педагог облыстық деңгейде бақ сынады, деп хабарлайды, Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің мәліметінше, дәстүрлі конкурстың финалдық кезеңіне 174 маман жолдама алды.

    Оның ішінде орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру, мектепке дейінгі, қосыша білім беру ұйымдарының педагогтері бар. Өз ісінің шебері деп танылған бұл мамандар енді республикалық кезеңде “Үздік педагог” атағы үшін сайысқа түседі.

    Байқаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып, жемісті жұмысымен, ерекше шеберлігімен көзге түскен ұстаздарды анықтау.

    25 қыркүйек күні конкурстың республикалық кезеңі бастау алды. Республика күні қарсаңында еліміздің “Үздік педагогі” анықталып, жеңімпаздардың есімі жарияланбақ. Жүлдегерлерге “Үздік педагог” атағы беріліп, 1000 АЕК көлеміндегі сыйақы табысталады, — делінген ведомство хабарламасында. 

    Айта кетсек, 1 АЕК биыл 3 932 теңге. Демек 1000 АЕК 3 932 000 теңге болады.

    Аталмыш байқау 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бүгінде Қазақстанда 700-ден астам “Үздік педагог” атағының иегері бар.

    мұғалім
    Previous ArticleТаразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған
    Next Article «Сапасыз үй салғандар халықтың қарғысына қалып жатыр»: Мәжілісте құрылыс сапасына қатысты қатты сын айтылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.