Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз кенеттен көз жұмды
    Жаңалықтар

    Маңғыстау облысында тағы бір сарбаз кенеттен көз жұмды

    SalemnewsSalemnews08.10.202531 Min Read
    Фото: azattyq-ruhy.kz
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жанармай буынан уланып көз жұмды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Hronika.kz мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 6 қазанында «Үстірт» шекара бекетінде орын алған. Ресми деректерге сәйкес, кешкі сағат 21:10 шамасында бөлімше бастығы, капитан Асу К. сарбаз Еркебұлан Сағындықты жанар-жағармай сақтайтын орынға жіберген. Ол жерден сарбаз дизель генераторының радиаторын жуу үшін бензин әкелуі тиіс болған. Алайда, бұл тапсырманы орындау барысында бензиннің буынан уланып, есінен танып қалған.

    Сағат 21:20-да оны электрик-дизелист тауып алған. Капитан Асу К. алғашқы көмек көрсеткенімен, сарбаздың жағдайы тым ауыр болған. Кейінірек медициналық мамандар оның өмірін сақтап қала алмады – реанимациялық шараларға қарамастан, жауынгердің көз жұмғаны анықталды.

    Аталған қайғылы жағдайға байланысты Ақтау гарнизонының әскери полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы бойынша («Қызметтік міндеттерге салғырт қарау») қылмыстық іс қозғады.

    Марқұм Еркебұлан Сағындық 2005 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2025 жылдың көктемінде әскерге шақырылған болатын.

    Маңғыстау облысы сарбаз өлімі
    Previous Article«Сапасыз үй салғандар халықтың қарғысына қалып жатыр»: Мәжілісте құрылыс сапасына қатысты қатты сын айтылды
    Next Article Шығыс Қазақстандағы ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағаттаған
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.