Фото: Қостанай облысы ПД
Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар адамның жеке басын анықтау және оны ұстау бойынша қажетті шараларды қолға алған.
