Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Respublica партиясы үгіт-насихат науқанын бастады
    Жаңалықтар

    Respublica партиясы үгіт-насихат науқанын бастады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова23.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Respublica партиясының баспасөз қызметі
    Respublica партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау аясында республикалық сайлауалды штабын ресми түрде ашып, үгіт-насихат науқанына старт берді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Салтанатты рәсімге партия басшылығы, депутаттыққа кандидаттар мен белсенділер қатысты. Іс-шараға онлайн форматта еліміздің барлық 20 өңірі қосылып, өңірлік штабтар бір мезгілде жұмысын бастады.

    Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров штабтың ашылуын смарт-көзілдірік арқылы Instagram-да тікелей эфирде көрсетіп, іс-шараны қатысушының көзімен көрсетті. Оның айтуынша, Respublica сайлауалды науқанын ашық диалогқа және нақты ұсыныстарға негіздейді.

    «Бізге жаңа партия құрып, жүйені өзгерту мүмкін емес дегенде, керісінше дәлелдедік. Үш жарым жыл ішінде 3 мыңға жуық түзету ұсынып, олардың жартысынан астамы заңға айналды. Вейптерге тыйым салу, банк заңнамасын жетілдіру, креативті индустрияны қолдау, азаматтардың түрлі санаттарының құқықтарын қорғау – осының бәрі сайлаушылар сенімінің нәтижесі. Бүгін біз тек Құрылтайдағы орын үшін емес, өзгеріске сенген әрбір адамның үмітін ақтау үшін күреске кірісіп отырмыз. Өзгеріс дәл осы жерде, дәл қазір басталады», – деді Айдарбек Қожаназаров.

    Рәсім барысында кандидаттарға куәліктер табысталды. Respublica партиясының сайлауалды тізіміне кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, мәдениет және қоғамдық сала өкілдері енген.

    Штабтың ашылуынан кейін партияның үгіт-насихат науқаны елдің барлық өңірінде ресми түрде басталды.

    Previous Article«Грант алып беремін»: Таразда алаяқ бірнеше тұрғыннан қомақты ақша алып кеткен
    Next Article Рудныйда 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.