Алматының жеке секторындағы үйлердің бірінің маңынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды. Қауіпті заттар Сайран көлінің жағалауына жақын орналасқан Садовников көшесінен анықталған.
Оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен. Полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді заңда белгіленген процессуалдық тәртіппен тәркілеп, сараптамаға жіберді.
Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қару газды қару санатына жатуы мүмкін.
Қазір жедел бөлімшелер табылған қарудың қайдан шыққанын, кімге тиесілі екенін анықтап жатыр. Сонымен қатар оның қандай да бір қылмыс жасау кезінде қолданылған-қолданылмағаны тексеріліп жатыр.
Қаруды кімнің қалдырғаны және оның қандай оқиғаға қатысы бар екені әзірге белгісіз. Бұл сұрақтарға полиция жүргізіп жатқан тексеру нәтижесінде жауап беріледі.
