Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Калифорния Nvidia компаниясын Қытайға технология берді деген күдікпен тексеріп жатыр
    Жаңалықтар

    Калифорния Nvidia компаниясын Қытайға технология берді деген күдікпен тексеріп жатыр

    SalemnewsSalemnews23.11.202613 Mins Read
    Фото: Getty Images
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Калифорния билігі америкалық Nvidia компаниясына қатысты тергеу бастады. Компания Қытайға озық чиптер мен құпия ақпаратты заңсыз беруі мүмкін деген күдікке ілінген. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады. 

    Штаттың бас прокуроры Роб Бонта компания Қытайға қатысты тәуекелдер туралы мәлімет бергенде инвесторларды жаңылыстырған не жаңылыстырмағанын тексеріп жатыр. 

    Роб Бонтаның айтуынша, Nvidia компаниясына қажетті ақпаратты ұсыну туралы ресми шақырту жіберілген. Билік компанияның Калифорния штатының корпоративтік қауіпсіздік туралы заңын бұзған-бұзбағанын анықтағысы келеді.

    Атап айтқанда, тергеушілер Nvidia компаниясының немесе оның бұрынғы басшысы Дженсен Хуангтың әрекеттері Қытайдың озық чиптерге немесе жабық ақпаратқа заңсыз қол жеткізуіне себеп болған-болмағанын тексеріп жатыр.

    «Nvidia компаниясы мен оның бұрынғы басшысының әрекеттері елеулі сұрақтар туындатады. Соның ішінде компания инвесторларды қандай жолмен жаңылыстыруы мүмкін болғаны да тексеріліп жатыр», – деді Роб Бонта.

    Сонымен қатар Nvidia компаниясына АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) да назар аударған. Reuters агенттігінің жағдайдан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, ведомство компанияның бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

    Алайда тексерістің нақты қашан басталғаны әзірге белгісіз.

    Дженсен Хуанг төңірегіндегі жанжал қалай басталды?

    Еске салайық, қазан айының соңында 63 жастағы Дженсен Хуангтың кәсіпкер Элис Хуангпен жақын қарым-қатынаста болғаны туралы ақпарат тараған еді. Америкалық арнайы қызметтер кәсіпкер әйелдің Қытай барлау қызметімен байланысы болуы мүмкін деп күдіктенеді.

    Осы ақпараттан кейін Nvidia директорлар кеңесі тәуелсіз тексеру бастаған. Ал 8 қарашада Дженсен Хуанг қызметкерлеріне хат жолдап, жұбайына опасыздық жасағанын мойындап, кешірім сұраған. Алайда ол хатында кәсіпкер әйелдің есімін атамаған.

    Кейін БАҚ-та Хуангтың Nvidia компаниясының денсаулық сақтау бағыты бойынша вице-президенті Кимберли Пауэллмен де көңіл жарастырғаны туралы ақпарат жарияланды. Ол кезде Пауэлл Хуангқа тікелей бағынышты қызметкер болған.

    Жанжалдан кейін 12 қарашада Дженсен Хуанг бас директор қызметінен кететінін және директорлар кеңесінің құрамынан шығатынын мәлімдеген.

    The Quint басылымының жазуынша, қызметтен кетуіне байланысты ол құны шамамен 108 миллион доллар болатын акциялар пакетінен айырылуы мүмкін. Бұл қазіргі бағаммен 48 миллиард теңгеден асады.

    Бұған дейін АҚШ Сенатының банк комитетінің төрағасы Тим Скотт Хуангты тыңдауға шақырған еді. Егер ол өз еркімен келуге келіспесе, сенатор мәжбүрлі түрде шақыру қағазын жіберетінін ескерткен.

    Сонымен қатар кейінгі уақытта БАҚ-та Хуангтың некеден тыс үшінші қарым-қатынасы болуы мүмкін екені туралы да ақпарат тарады.

    Nvidia деген қандай компания?

    Nvidia – 1993 жылы құрылған америкалық технологиялық компания. Ол графикалық процессорлар (GPU) мен жасанды интеллект жүйелеріне арналған есептеу чиптерін өндіруден әлемдегі жетекші компаниялардың бірі саналады.

    Алғашында компания компьютерлік ойындарға арналған GeForce видеокарталарымен танылды. Кейін графикалық процессорларды күрделі есептеулерге пайдалануға мүмкіндік беретін CUDA технологиясын дамытты.

    Қазір Nvidia өнімдері жасанды интеллект жүйелерін оқытуда, нейрожелілер мен деректер орталықтарының жұмысында кеңінен қолданылады. Компания робототехника, автономды көлік және суперкомпьютер салаларында да жұмыс істейді. Соңғы жылдары жасанды интеллект технологияларына сұраныстың артуы Nvidia компаниясының нарықтық құнын күрт өсірді.

    Previous ArticleТатьяна Ким Wildberries компаниясының бас директоры қызметінен кетті
    Next Article Алматыда Сайран көлінің маңынан қару мен оқ-дәрі табылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Алматыда Сайран көлінің маңынан қару мен оқ-дәрі табылды

    23.11.2026

    Татьяна Ким Wildberries компаниясының бас директоры қызметінен кетті

    23.11.2026

    Climate vs Energy: Can Methane Emitted from Coal Mines Be Converted into Electricity?

    23.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.