Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Рөлде ұйықтап кеткен әйелдің кесірінен 27 бала отырған автобус аударылды
    Жаңалықтар

    Рөлде ұйықтап кеткен әйелдің кесірінен 27 бала отырған автобус аударылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.07.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    fontanka.ru


    Ресейдің Краснояр өлкесіндегі Минусинск ауданында балалар отырған автобус жол жиегіне аударылып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Interfax мәліметінше, жол апаты салдарынан бір әйел мен 15 жастағы жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

    Полицияның хабарлауынша, апат кезінде автобустың ішінде 27 бала болған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

    Тергеу дерегіне сәйкес, Hyundai автобусы балалар лагерінен қайтып келе жатқан. Жолдың 32-шақырымында қарсы бағытқа Kia Sportage көлігі шығып кеткен.

    Соқтығысудың алдын алу үшін автобус жүргізушісі рульді оңға бұрған. Соның салдарынан автобус жол жиегіне шығып, аударылып қалған.

    Ал Kia Sportage көлігін басқарған әйел полицияға рөлде отырып ұйықтап кеткенін айтқан.

    Қазір құқық қорғау органдары жол апатына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

    Previous Article«Үздік аула»: көршілер көрікті ортаны қалыптастыруға үлес қосып жүр
    Next Article Степногорскіде жоғалып кеткен 13 жастағы қыз қала сыртынан табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.