Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Үздік аула»: көршілер көрікті ортаны қалыптастыруға үлес қосып жүр
    Жаңалықтар

    «Үздік аула»: көршілер көрікті ортаны қалыптастыруға үлес қосып жүр

    SalemnewsSalemnews01.07.202614 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Таза әрі көрікті аула – кез келген қаланың мәдениеті мен тұрғындарының қоршаған ортаға деген көзқарасын айқындайтын  көрсеткіштердің бірі. Көгалдандырылған аумақ, күтіп-бапталған гүлзарлар, ұқыпты сақталған орта – мұның бәрі тұрғындардың ортақ жауапкершілігі мен ауызбіршілігінің нәтижесі. Осы мақсатта Қызылордада бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған «Үздік аула» байқауы ұйымдастырылып келеді.

    Бастама тұрғындарды санитарлық тазалықты сақтауға, аулаларды көгалдандыруға, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға ынталандырады. Сонымен қатар байқау арқылы азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған ауласына деген жанашырлық сезімін арттыру және қоғамдық жауапкершілігін күшейту көзделген.

    Байқаудың тағы бір ерекшелігі – тұрғындардың өз еңбегін көпшілікке таныстырып, өзгелермен тәжірибе алмасуына мүмкіндік беруінде. Үздік деп танылған аулалар кейін өзге тұрғындарға үлгі ретінде насихатталып, ортақ іске белсенді араласуға шақырады. Ал жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталып, олардың еңбегі лайықты бағаланады.

    Бұл игі бастама Қызылордада 2018 жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді.

    – Осы уақыт аралығында конкурсқа ондаған аула мен жүздеген тұрғын қатысып, өздерінің аулаларын көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарған жұмыстарын ұсынды. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Әсіресе, 2023 жылдан бастап жеке тұрғын үйлердің конкурсқа қатысуына мүмкіндік берілуі нәтижесінде тұрғындардың қызығушылығы айтарлықтай өсті, – делінген Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің редакцияға берген жауабында.

    Шынында да соңғы жылдары байқаудың ауқымы кеңейіп келеді. Егер бастапқы кезеңде оған негізінен көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары қатысса, кейін жеке сектор тұрғындарының да өтінім беруіне мүмкіндік жасалды. Бұл өз кезегінде бәсекелестікті күшейтіп қана қоймай, қаланың әр ауданында көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарының жандануына ықпал етті.

    Әрине, жеңімпаздарды анықтау барысында  әдемі гүлзарлар немесе сәндік элементтер ғана есепке алынбайды. Байқау қорытындысын арнайы құрылған сараптамалық кеңес шығарады. Бағалау кезінде аумақтың санитарлық тазалығы, көгалдандыру жұмыстарының сапасы мен көлемі, гүлзарлар мен жасыл желектердің күтімі, ауланың эстетикалық келбеті, тұрғындардың ортақ іске қатысу белсенділігі және абаттандыру барысында қолданылған тың әрі тиімді шешімдер жан-жақты сараланады.

    Комиссия үшін ең маңызды өлшемдердің бірі – тазалықтың тұрақты сақталуы мен тұрғындардың бұл іске өз еркімен атсалысуы. Яғни бір реттік сенбілік емес, жыл бойы жүргізілетін жүйелі жұмыс пен ортақ жауапкершілік жоғары бағаланады.

    Байқау жыл сайын жаңа идеялармен толығып келеді. Жауапты мекеменің мәліметінше, алдағы уақытта жобаның ауқымын одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.

    – Алдағы уақытта байқаудың ауқымын кеңейту, қатысушылар санын арттыру және жаңа номинациялар енгізу мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар жастардың, еріктілердің, белсенді тұрғындардың қатысуын күшейту жоспарланып отыр, – делінген мекеменің редакцияға берген ақпаратында.

    Бастамаға жастардың көптеп тартылуы экологиялық мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына мүмкіндік бермек. Өйткені тазалық пен туған жерге жанашырлық ең алдымен күнделікті өмірден қалыптасады.

    Өткен жылы дәстүрлі байқау сегізінші рет ұйымдастырылып, оған оннан астам аула қатысуға өтінім берген. Байқау қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің басым дауысымен З. Шүкіров көшесі, №100Г үйдің тұрғыны Сәлима Көптілеуқызының ауласы үздік деп танылды.

    Екінші орынға Қорқыт ата көшесі, №239 үйдің тұрғыны Зайнап Бакирқызы ие болып, 150 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Ал үшінші орын Әйтеке би көшесі, №27 үйдің тұрғыны Валентина Алексеевнаға бұйырып, оған 100 мың теңгелік сертификат табысталды.

    Байқау тек негізгі жеңімпаздарды анықтаумен шектелген жоқ. «Бірлігі жарасқан аула», «Еңбекқор бағбан» және «Әсем аула» арнайы номинациялары да табысталып, өз ауласын күтіп-баптауға ерекше үлес қосқан тұрғындардың еңбегі көпшілік алдында лайықты бағаланды.

    Сонымен бірге қала тазалығын қамтамасыз етуге күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлер де назардан тыс қалған жоқ. Марапаттау рәсімінде бірқатар тазалық қызметкеріне қала әкімінің Алғыс хаты мен 70 мың теңгелік қаржылай сертификат тапсырылды. Бұл – қаланың тазалығына үлес қосып жүрген жандардың еңбегіне көрсетілген құрметтің көрінісі.

    Байқаудың тағы бір дәстүрге айналған ерекшелігі – бас жүлде иегері атанған аулаға арнайы «Үздік аула – 2025» тақтайшасының орнатылуы. Бұл белгі тұрғындардың бірлескен еңбегінің нәтижесін айшықтап қана қоймай, өзгелерге де үлгі болады.

    Қызылордада қалыптасқан игі дәстүр биыл да жалғасын табады. Ұйымдастырушылар қатысушылар қатары бұрынғыдан да артып, аулаларды көгалдандыру мен абаттандыру бағытындағы жаңа бастамалар көбейеді деп күтеді. Өйткені таза аула – жай ғана көрікті орта емес, ол тұрғындардың өз қаласына деген жанашырлығы мен ортақ жауапкершілігінің нақты көрінісі.

    Қамысқала Қызылорда тазалық үздік аула
    Previous Article«Таза Қазақстан»: Қызылордада экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр?
    Next Article Рөлде ұйықтап кеткен әйелдің кесірінен 27 бала отырған автобус аударылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.