Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Степногорскіде жоғалып кеткен 13 жастағы қыз қала сыртынан табылды
    Жаңалықтар

    Степногорскіде жоғалып кеткен 13 жастағы қыз қала сыртынан табылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.07.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ФотEdward Berthelot/Getty Images


    Степногорскіде кешке үйінен шығып, байланысқа шықпай қалған 13 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Степногорскіде полицейлер 30 маусым күні кешке үйінен шығып кетіп, телефон қоңырауларына жауап бермей қойған 13 жастағы қызды іздестірді. Жасөспірім таңға жуық қала сыртынан табылды.

    ІІМ-нің ақпараттық медиапорталында хабарланғандай, кешкі уақытта полицияға қыздың алаңдаған анасы жүгінген. Ол қызының жоғалып кеткенін айтып, іздеуге көмектесуді сұраған.

    Хабар түскеннен кейін полиция қызметкерлері бірден іздестіру жұмыстарына кіріскен. Іздеу тобының құрамында учаскелік инспектор Әділ Кутушев те болған. Ол қыздың анасымен бірге жасөспірім жүруі мүмкін бағыттарды тексеріп, қараңғы түскеннен кейін де іздеуді тоқтатпаған.

    Полицей қала сыртындағы техникалық нысандар орналасқан аумаққа және ашық далаға ерекше назар аударған. Polisia.kz мәліметінше, іздеу жұмыстары түні бойы жалғасқан.

    «Іздеу тек таңға жақын аяқталды. Сағат шамамен 4:30-да қыз бала дала аумағынан табылды. Белгілі болғандай, жасөспірім қараңғыда бағытынан адасып, үйге қайтар жолды өздігінен таба алмаған», – делінген хабарламада.

    Previous ArticleРөлде ұйықтап кеткен әйелдің кесірінен 27 бала отырған автобус аударылды
    Next Article Шымкентте колледж басшылығы 1,3 млрд теңге жымқырған
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.