Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Полиция Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған сәттің видеосын көрсетті
    Жаңалықтар

    Полиция Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған сәттің видеосын көрсетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Tengrinews.kz


    Астана полициясы бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталған сәті түсірілген видеоны жариялады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бүгін спортшы мас күйде көлік жүргізіп, бірнеше жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

    Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаттары салдарынан бірнеше көлікке зақым келген. Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Land Cruiser көлігін басқарған Елеусінов бірнеше автокөлікпен соқтығысқаннан кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін полиция оны көп ұзамай ұстаған.

    Әлеуметтік желіде спортшыға тиесілі делінген көліктің суреті де тарады. Кадрлардан күңгірт түсті Toyota Land Cruiser 250 Prado жол талғамайтын көлігінің қатты зақымданғанын көруге болады. Негізгі соққы көліктің сол жақ алдыңғы бөлігіне тиген: бампері қирап, капоты мен қанаты майысқан, фарасы сынған, ал дөңгелек тұсындағы пластик бөлшектері жұлынып қалған.

    Бұған дейін Астананың әкімшілік соты Елеусіновке қатысты шешім шығарған еді. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.

    Айта кетейік, Данияр Елеусінов – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы және Азияның екі дүркін чемпионы. Кәсіпқой бокста ол жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBF Inter-Continental чемпионы атақтарына ие болған.

    Previous ArticleKaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды
    Next Article Айнұр Әбдірәсілқызының Қожа Ахмет Ясауи туралы монографиясы мен пьесасы жарық көрді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.