Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды
    Жаңалықтар

    Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.07.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстанда Джеки Чанның қатысуымен аңызға айналған шытырман оқиғалы «Құдай сауыты» франшизасының жалғасы түсіріледі. Kaspi.kz «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімдеріне бас серіктес болды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Түсірілім жұмыстары Маңғыстау және Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Түркістанда — Джеки Чанның өзі 2025 жылдың соңында Қазақстанға жасаған сапары барысында таңдаған бірегей табиғи орындарда түсіріледі. Түсірілімдердің бір бөлігі Гонконгта өтеді.

    Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

    «Джеки Чан қатысатын әйгілі фильмнің жалғасы дәл Қазақстанда түсірілетініне қуаныштымыз. Бұл біз үшін өте маңызды жоба, өйткені ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген адамдарға Қазақстанның ерекше әсем, заманауи әрі қонақжай ел екенін көрсетуге мүмкіндік береді. Бастаманы қолға алған серіктестеріміз – Sәlem Entertainment пен Adal Investments-ке алғыс айтамыз және Джеки Чан мен барлық түсірілім тобына Қазақстандағы жұмыстарына табыс тілейміз».

    Игорь Цай, CEO Salem Entertainment:  

    «Бұл жобаға қатысу – бүкіл киноиндустрия үшін де, Salem Entertainment компаниясы үшін де үлкен жауапкершілік әрі халықаралық ауқымдағы ірі киножобаны жүзеге асыруға берілген бірегей мүмкіндік. Жоба Голливуд, Гонконг, Қазақстан және өзге де жақын шет мемлекеттерінің жетекші кино мамандарын біріктіреді, бұл оны халықаралық деңгейдегі жоғары сапамен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осындай ауқымды жобаның іске асуы оның жоғары коммерциялық әлеуетінің және Kaspi.kz секілді сенімді жергілікті серіктестердің қолдауының арқасында мүмкін болды».

     «Құдайдың сауыты» – Джеки Чанның шығармашылық жолындағы ең танымал шытырман оқиғалы франшизалардың бірі. Бірінші фильм 1986 жылы жарық көріп, әлемдік хитке айналды.

    Жобаның бастамашылары – Sәlem Entertainment және Adal Investments. «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің тұсаукесері 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

    Previous ArticleАтырауда 900 студент сиятын жатақхана салынады
    Next Article Полиция Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталған сәттің видеосын көрсетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.