Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Павлодар облысында 144 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған
    Жаңалықтар

    Павлодар облысында 144 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған

    SalemnewsSalemnews21.07.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Павлодар облысындағы Успен ауданы сотында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қылмыстық істі Успен ауданының прокуратурасы бастап, кейін Павлодар облысы бойынша «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ қызметі тексерілген. Тексеру нәтижесінде «Успен ауданы карьерлік орталығы» филиалының мамандары бағдарламаның қатысушыларын жүйелі түрде алдағаны белгілі болды.

    • Атап айтқанда, бағдарлама бойынша қоныс аударушыларға сатып алынған тұрғын үй құнының жартысын өтеу қарастырылған, ең жоғары төлем – 4 млн теңге. Алайда айыпталушылар қоныс аударушыларға үйді нарықтан төмен бағаға табуды міндеттеп, кейін сатып алу-сату келісімінде әлдеқайда жоғары бағаны – 8 млн теңгені көрсеткен. Айыпталушылардың нұсқауымен тұрғындар бұл айырмашылықты «Бағдарлама шарттары аясында» деген желеумен қолма-қол беруге мәжбүр болған, — деп жазды Бас прокуратурадан.

    Нәтижесінде бюджет қаржысын заңсыз иемденудің және айналымға түсірудің айла-шарғысы құрылған. Тергеу барысында мемлекетке келтірілген жалпы залал 144 млн теңге екені анықталды.

    Мемлекеттік айыптаушы істің ауырлығын және келтірілген залалды ескере отырып, соттан айыпталушыларға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

    Сот үкімімен екі адам кінәлі деп танылды: біреуіне – 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, екіншісіне – 3 жыл бостандығын шектеу жазасы кесілді.

    Қаржы жымқыру Павлодар
    Previous ArticleСәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
    Next Article «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.