Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
    Жаңалықтар

    «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

    SalemnewsSalemnews21.07.202591 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бүгін шаңырақ бастауының алтын діңгегіне айналған Отбасы орталығында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.

    Ұлттық құндылықтар мен шаңырақтың береке-бірлігін насихаттайтын шарада қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров жеңімпаз атанған отбасыларды қала әкімінің дипломымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

    Биыл ұлттық конкурсқа 36 отбасы үміткер ретінде құжат тапсырып, олардың ішінен арнайы құрылған комиссияның шешімімен 26 отбасы іріктеліп алынды. Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 3 отбасы арнайы номинация иегерлері атанды.

    Тамыры тереңге таралған, қанаты кеңінен жайылған әулет Ақжарма ауылдық округінің тұрғындары Іздіқұловтар отбасы І дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ дәрежелі диплом қала тұрғындары Мыңжасаровтар отбасына табысталса, ІІІ дәрежелі дипломды Қосшыңырау ауылдық округінің тұрғындары Кенебаевтар отбасы иеленді.

    «Ұлағатты отбасы» номинациясымен Қызылжарма ауылдық округінің тұрғындары Ибраевтар отбасы, Қызылөзек ауылдық округінің тұрғындары Тумановтар отбасы «Берекелі отбасы» номинациясымен, ал Әбеновтер отбасы «Үлгілі отбасы» номинациясымен марапатталды.

    Ұлттық байқау отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етіп келеді.

    Қызылорда мерейлі отбасы
    Previous ArticleПавлодар облысында 144 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған
    Next Article Алматыдағы Қаныш Сәтпаевтың ескерткіші көшіріледі
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.