Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыдағы Қаныш Сәтпаевтың ескерткіші көшіріледі
    Жаңалықтар

    Алматыдағы Қаныш Сәтпаевтың ескерткіші көшіріледі

    SalemnewsSalemnews21.07.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыда Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан Геологтар аллеясын кешенді абаттандыру жобасы басталды. Ауқымды жөндеу жұмыстары аясында Қаныш Сәтбаевтың ескерткішін көшіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменовтің айтуынша, Геологтар аллеясы тек жаңартылып қана қоймай, заманауи, функционалды және жайлы қоғамдық кеңістік ретінде қайта ойластырылатын болады.

    Негізгі өзгерістердің қатарында – Қаныш Сәтбаев ескерткішін аллеяның кіреберіс орталық бөлігіне көшіру, декоративті жарықтандыру мен ағаштарға шам орнату, плиткаларды жаңарту, жаңа орындықтар мен жабайы жүзіммен көмкерілген перголалар орнату және тағы басқа жаңартулар бар.

    «Біз құрылыс-монтаж жұмыстарын бастап кеттік. Ескі құрылымдарды, соның ішінде автотұрақты бұзып жатырмыз, бірақ Байтурсынов көшесі жағынан 10 көлік орны сақталады. Көгалдандыруға ерекше мән береміз: ірі ағаштар, бұталар, көгалдар отырғызылады, бұрын қиындық болған автоматты суару жүйесі енгізіледі. Жасыл аймақтар гидросебу әдісімен абаттандырылады. Сонымен қатар, «Колизей» деп аталатын амфитеатр салынады, онда Қ.Сәтбаев атындағы университет әртүрлі іс-шаралар мен үйірмелер өткізе алады», – деді Сүлейменов.

    Бұдан бөлек, Геологтар аллеясында ашық аспан астындағы кітапхана жабдықталады.

    Аллеяны абаттандыру жобасын сәулетші Жанна Спунер әзірлеген, оны іске асыру 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

    Алматы ескерткіш Қаныш Сәтбаев
    Previous Article«Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
    Next Article 19 адам көз жұмған: Бангладеште әскери ұшақ колледж аумағына құлады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.