Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шығыс Қазақстандағы ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағаттаған
    Жаңалықтар

    Шығыс Қазақстандағы ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағаттаған

    SalemnewsSalemnews08.10.202531 Min Read
    Фото: Видеодан скрин
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағат сөз айтқан сәттің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқиға Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінде болған. Кадрларда ауыл тұрғындарының әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмысына қатысты сұрақтар қойып жатқан сәті көрінеді. Әңгіме барысында екі тарап арасында дау туындап, шенеунік өзін ұстай алмай, бейәдеп сөздер айтқан. Бейнежазбада полиция қызметкері де бар. Бір әйел тәртіп сақшысына «неге ешқандай шара қолданбайсыз?» деп сұрақ қояды, алайда ол еш жауап бермейді.

    Әкімге бұл сауалдар ұнамаған болуы керек, ол ашуға беріліп, бейәдеп сөздер айтып, агрессия танытқан. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, Қуаныш Төлеуханнан ресми түсініктеме талап етілгенін хабарлады. Материалдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.

    Айта кетейік, Қуаныш Төлеухан Шілікті ауылдық округінің әкімі қызметіне 2025 жылдың 24 шілдесінде тағайындалған. Яғни, оның лауазымда отырғанына үш айға да толмаған.

    Әкім балағат сөз
    Previous ArticleМаңғыстау облысында тағы бір сарбаз кенеттен көз жұмды
    Next Article Бұдан былай құрылыс құжаттарына сәйкес келмейтін нысандарды салуға рұқсат берілмейді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.