Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Атырауда 900 студент сиятын жатақхана салынады
    Жаңалықтар

    Атырауда 900 студент сиятын жатақхана салынады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Атырау облысының әкімдігі


    Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне арналған 900 орындық жаңа жатақхана жобасы дайын. Қолданыстағы ғимарат сүріліп, оның орнына заманауи талаптарға сай жаңа студенттер үйі бой көтермек. Құрылыс жұмыстары мемлекеттік инвестициялар есебінен жүзеге асады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жаңа нысан Атырау облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша салынады. Жобаны әзірлеуші бас ұйым – «Авангард ОК» ЖШС.

    Жатахқана өзара байланысқан үш блоктан тұрады. Жобада студенттердің жайлы тұруына, білім алуына және бос уақытын тиімді өткізуіне қажетті барлық жағдай қарастырылған.

    А және В блоктарында жалпы 800 студентке арналған тұрғын бөлмелер бар. Әр қабатта қыздар мен ұлдарға арналған жеке секциялар қарастырылған. Сонымен қатар А блогының бірінші қабатында медициналық блок, өзіне-өзі қызмет көрсететін кір жуу орны, жеке заттарды сақтауға арналған қойма, құжаттарды басып шығару және кеңсе тауарларын сату орны, сондай-ақ жатақхана қызметкерлеріне арналған кабинеттер бар.

    Орталық Б блогында 100 орындық асхана, 80 орындық оқу залы бар кітапхана, компьютерлік сыныптар, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру орталығы, ерекше қажеттілігі бар студенттерге бейімделген бөлмелер және 150 орындық акт залы қарастырылған. Сондай-ақ мұнда 20 тренажерге арналған спорт залы, киім ауыстыратын бөлмелер, душ және санитарлық тораптар болады.

    Басқарма басшысының орынбасары Дархан Тілепбергеннің мәліметінше, жобалау жұмыстары аяқталып, жоба қазір республикалық мемлекеттік «Мемсараптама» кәсіпорнында сараптамадан өтуде.

    Previous ArticleТұңғыш рет: «БалуанTAS» командасы Жайдарманда өнер көрсетті
    Next Article Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.