Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Экологиялық мәдениет жастардан басталады
    Жаңалықтар

    Экологиялық мәдениет жастардан басталады

    SalemnewsSalemnews05.11.202561 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласында «Таза ел – жарқын болашақ: жастардың экологиялық мәдениеті» атты кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті арттыру, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық бастамаларды кеңінен насихаттау.

    Іс-шараға қала жастары, еріктілер, студенттер мен белсенділер қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы экологиялық жауапкершілік, экотуризмді дамыту, жасыл аймақтарды көбейту және табиғатты қорғау мәдениетін жастар арасында кеңінен дәріптеу мәселелері талқыланды.

    Шара спикерлері – Жорабек Медет және Абзал Жолтерек өз сөздерінде қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталып, экологиялық мәдениеттің әр адамның жеке өмір салтындағы орнына назар аударды. Олар экологиялық мәдениет — тек табиғатты қорғау емес, ол азаматтық жауапкершілік пен болашақ ұрпақ алдындағы парыз екенін атап өтті.

    Кездесуге қатысқан жастар экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған ұсыныстарын білдіріп, табиғатты қорғауға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, экологиялық акциялар мен сенбіліктер ұйымдастыру, қалада жасыл желектерді көбейту, пластик қалдықтарын азайтуға бағытталған бастамалар жөнінде ортақ жоспар талқыланды.

    Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатты аялауға бағытталған бастамалар қоғам назарында ерекше маңызға ие. Осы орайда Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Таза ел – жарқын болашақ: жастардың экологиялық мәдениеті» тақырыбында жастармен ашық формат көп көмек бермек.

    Previous ArticleҚысқа дайындық қатаң бақылауда
    Next Article «Таза Қазақстан»: Қызылордалықтар акцияға атсалысты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.