Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Дархан Бақтияров: Қыс маусымына толық дайынбыз
    Жаңалықтар

    Дархан Бақтияров: Қыс маусымына толық дайынбыз

    SalemnewsSalemnews10.11.2025133 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласында жылу беру маусымы басталды. Қаланың жылу көздері, желілердің жай-күйі, тарифтердегі өзгерістер мен қысқы жол қауіпсіздігі тұрғындарды толғандыратын басты мәселелердің қатарында. Осы орайда «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Дархан Бақтияровпен сұхбаттасқан едік.

    – Дархан Пралиұлы, қаладағы жылу көздерінің қысқы маусымға дайындығы туралы айтып өтсеңіз. Қанша нысан қамтылды?

    – Қала бойынша қазіргі таңда 23 жылу көзі бар. Бұл қатарға Қызылорда жылу электр орталығы (ЖЭО), Оңтүстік қазандық және қаланың түрлі аумақтарында орналасқан 20 автономды блокты-модульді қазандықтар кіреді.

    2025-2026 жылғы жылу беру маусымына дайындық аясында кәсіпорынның өз қаражаты есебінен 333 млн теңгеге негізгі және қосалқы қондырғыларға жөндеу жүргізілді. Мәселен, ЖЭО-да орналасқан БКЗ-220 типті №6 және №9 қазандықтарға ағымдағы жөндеу, ал Оңтүстік қазандықтағы КЕ-25 типті 4 қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Сонымен бірге 5 автономды қазандық жаңартылып, қалған 41-іне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

    Сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 5,3 млрд теңгеге қосымша жаңғырту жұмыстары атқарылды. Оның ішінде 3,8 млрд теңгеге 3 BONO қазандығы жаңғыртылса, 825 млн теңгеге №3 күштік трансформатор ауыстырылды. 695 млн теңге қосалқы бөлшектер сатып алуға бағытталды.

    Бүгінгі таңда барлық жылу қазандықтары жылу маусымына толық дайын.

    – Қала тұрғындарын жылу желілерінің тозуы алаңдатады. Бұл бағытта қандай нақты жұмыстар атқарылды?

    – Иә, бұл мәселеден хабардармыз. Қала аумағында 199 шақырым жылу желісі бар. Оның ішінде 36 шақырым – магистральдық, 163 шақырым – кварталаралық желілер.

    Биыл жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын жылу желілері жаңартылды. Бұл жұмыстар 6 жоба аясында 8,7 шақырымды қамтыса, қалған 3,3 шақырым кварталаралық желілер «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның өз қаражаты есебінен ауыстырылды.

    Жаңғыртылған құбырлар заманауи полиуретанмен (ППУ) оқшауланған, бұл – жылу жоғалтуды азайтып, құбырдың қызмет ету мерзімін ұзартатын шешім. Жылу желілерінің тозу деңгейі осы жұмыстар нәтижесінде 42,3 пайыздан 40 пайызға дейін төмендеді.

    – Жылу сапасын арттыру бағытында қандай технологиялар енгізілуде?

    – Жылу сапасын арттыру үшін темір құбырлар ППУ оқшауламасы бар заманауи құбырларға ауыстырылып, олар жедел қашықтан бақылау жүйесімен жабдықталуда. Бұл жүйе құбырлардың жай-күйін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді: температура, қысым, ақаулар сынды параметрлер бойынша ақпарат бірден диспетчерлік орталыққа түседі.

    Мұндай технологиялар жылу сапасын тұрақты ұстауға және апаттық жағдайлардың алдын алуға айтарлықтай септігін тигізіп отыр.

    – Жылу тарифтеріне келсек, тұрғындар үшін қандай өзгерістер бар?

    – Биыл, 1 қазаннан бастап халық үшін жылу тарифі 5 пайызға төмендеді. Егер бұрын жылу есептеу құрылғысы бар үйлерде 1 м² үшін 73,4 теңге болса, қазір бұл 69,7 теңгені құрап отыр. Ал есептеу құрылғысы жоқ тұрғындар үшін бұрынғы тариф 138,9 теңге болса, ендігі жерде 131,9 теңгеге дейін төмендеді.

    Бұл – тұрғындарға нақты әлеуметтік қолдау және қыс маусымында жүктемені жеңілдетуге бағытталған шара.

    – Қыста жолдарда мұздың пайда болуы жиі кездеседі. Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр?

    – Қауіпсіздік мәселесі біз үшін басты назарда. Жылу желілері полиуретан көбікпен (ППУ) оқшауланған құбырлармен жабдықталып жатыр. Бұл материал жылу шығынын азайтып, жол төсемінің астындағы температураны тұрақтандыруға көмектеседі, яғни қар мен мұздың жиналуын азайтады.

    Сонымен қатар еріген қар суы мен жаңбыр суларын шығару үшін арнайы дренаждық құбырлар мен еңістер салынған. Бұл жүйе су жол бетінде жиналып, түнгі уақытта мұзға айналып кетуінен қорғайды.

    Жылу желілері жолға тым жақын орналасқан жағдайларда, темірбетон плиталар немесе қорғаныс қабаттары төселіп, ауыр көлік жүктемесінен туындауы мүмкін зақымдардың алдын алу қамтамасыз етілуде. Жылу беру маусымына Қызылорда қаласы толық дайын. Барлық жылу көздері мен желілері тексеріліп, жөндеуден өтті. Инфрақұрылымды жаңарту, заманауи технологияларды енгізу, тарифті төмендету – осының бәрі тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған жұмыстардың нақты нәтижесі.

    Біздің басты міндетіміз — тұрғындарды сапалы, үздіксіз жылумен қамтамасыз ету, сонымен қатар қауіпсіздікті сақтау. Алдағы уақытта да осы бағытта жүйелі жұмыстар жалғаса береді.

    – Сұхбатыңызға рахмет, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

    Previous ArticleШын жұлдызды шыңдаған «Сыр жұлдызы»
    Next Article Қалдықсыз болашаққа бастар жол: Қызылордадағы тазалық жұмыстары қалай жүргізілуде?
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.