Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шын жұлдызды шыңдаған «Сыр жұлдызы»
    Жаңалықтар

    Шын жұлдызды шыңдаған «Сыр жұлдызы»

    SalemnewsSalemnews07.11.2025184 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Сыр өңірінде ашылғанына көп уақыт бола қоймаса да балалардың талантын тану, шығармашылығын шыңдау, зияткерлік мүмкіндігін арттыруда «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы жемісті жұмыс істеуде. Бұл шығармашылық орталықтың әу бастағы мақсаты да жан-жақты дамыған, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, шығармашылыққа және жаңашылдыққа бейім тұлға тәрбиелеу, баланың дарыны мен қызығушылығын қолдап, өз мүмкіндігін ашуына жағдай жасау болатын. Осы мүддеге сай академия биыл шілде айынан бастап өз жұмысын бастаған еді.

    Соңғы үлгідегі, барлық талапқа сай салынған зәулім ғимарат алыстан көз тартады. Академия бір мезетте 500-ге жуық баланы қамти алады. Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы, сонымен бірге, үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі сынды үйірме бар. Барлық спорттық залда ұлдар мен қыздардың жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері орналасқан. Бұдан бөлек, заманға сай көркемдік-эстетикалық ба­ғытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлме­сі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды ин­теллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және мате­матика, журналистика, ас әзірлеу кабинеттері мен тоғызқұмалақ, мобилография үйірмелері жұмыс істейді.

    Талантты балалардың шығармашылығын шыңдайтын академиядағы үйірмелерге баласын бергісі келетіндердің санында шек жоқ. Кең сарайдай, сәулеті келіскен ғимаратта білім алып, қабілетіңді ашу кез келген баланың қалауы. «Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық-инно­вациялық академиясы директоры Жанар Бимұратқызы: «Шығармашылық академия – дарынды жастардың ордасы», – дейді. Оның айтуынша, қазіргі кезде білім беру жүйесі жаңа техно­логияларға, жаңа мүмкіндіктерге, шарықтау мен шығар­машылық шектеуі жоқ кеңістікке айналған. Заман талабына сай ойы ұшқыр, алғыр да зерек бала үшін мүмкіндіктер өте көп.  Ал бұл орталық балаларға сол мүмкіндіктер есігін ашып бермек.

             Көптен күткен шығармашылық академия жұмысын жүйелі үйлестіре алды. Балалардың үйірмеге жазылуы да заманға сай «QR» арқылы жүргізіледі. Бұл академия есігін тоздырмай-ақ, үйіңде отырып, баланы қалаған үйірмесіне тіркей аласың деген сөз. Ал баланың кезегі келгенде үйірмеге қатысуына толықтай мүмкіндігі бар.

                  Академия директоры Жанар Бимұратқызы қазіргі таңда орталықтағы үйірмелерге 5 мыңнан астам бала тіркелгенін айтады.  Бұл осынша баланың аталған орталықта тәлім алғысы келетіні білдіреді. Ал көпшілік сұранысы шахмат пен бассейн үйірмесіне басым екен.

             – Орталыққа келген әрбір баланың кәсіби құзыреттілігі артады деп ойлаймын. Өйткені, бұл орталықта әрбір бала өзінің қай мамандық иесі болғысы келетінін анықтай алады. Жалпы, кәсіби бағдар беруді 5 сыныптан бастаған жөн. Бұл бала жоғары сыныпқа көшкенде нақты қандай маман болатынын нақтылауына мүмкіндік береді, – дейді шығармашылық-инновациялық академия басшысы.

    Қазіргі таңда академия жұмысы бір жолға қойылған. Мұнда күнделікті үйірме жұмыстарынан бөлек, ата-аналармен кездесулер, оқушылар арасында байқаулар, поэзиялық кездесу кештері жиі ұйымдастырылады. Орталық тәлімгерлері арасында өзара тәжірибе алмасу шаралары да өткізіледі. Пән апталықтары ұйымдастырылып, оған оқушылардың толық белсенді қатысуына мүмкіндік беріледі. Одан бөлек үйірмеге қатысушылар түрлі қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, өз қабілеттерін дәлелдеп келеді.

             – «Сыр жұлдыздары» шығармашылық академиясының ашылғанына қуанамын. Бұған дейін де сурет үйірмесіне қатысқан едім. Орталық ашылғанда анам інім екеумізді осындағы сурет үйірмесіне тіркеген. Кейін әлеуметтік желіден осы үйірмеге бала қабылдап жатқанын білдік. Қазір қатысып жүргенімізге екі ай болды. Жақында «Ертегілер әлемі» деген республикалық байқауға қатысып інім екеумізде 1 орын алдық. Үйірме болатын күні сабақтан соң осында келуге асығамыз. Жақында тағы аспаздар үйірмесіне жазылдым. Мұнда уақытты қызықты өткізесің. Жаңа достар табасың, – дейді орталықтағы сурет үйірмесінің қатысушысы Аиша Бекболат.

             Ал орталықтың Айсұлтан есімді қатысушысы теннис үйірмесіне жазылған екен.

             – Теннис ойыны өзіме ұнайды. Шығар­машылық академия ашылғаннан осы үйір­меге жазылдым. Қазіргі уақытта үйірмеге тұрақты қатысып жүрмін. Бұл ойын жылдам­дықты, икемділікті қажет еді. Жетекшіміз осы тәсілдерді үйрете бастады. Үйірмеге қатысу арқылы жаңа достар тауып, жаңа ортаға бейімделе бастадым, – дейді Айсұлтан.

             Шығармашылық-инновациялық академиясының ашылғанына ата-аналар да риза. Қаланың негізгі көшесінде орналасқан ғимаратқа барлық бағытта қоғамдық көлік қатынайды. Сондықтан балаларға бос уақытында  мұндағы үйірмеге келу оңай әрі тиімді.

             – Орталықтың ашылғанына қуаныштымын. Балаларымды бұрын жеке үйірмелерге бергенмін. Тұрақты қатыса алмады. Себебі, біз жұмыста болғандықтан қатынауы қиын болды. Оны апарып, әкелу уақытты алатын. Қазір бұл орталыққа үйге жақын маңнан автобус жүреді. Өздері барып келеді. «Сыр жұлдыздары» академиясы ерекше стильде салынған ғимарат қой. Сол әдемілікті көріп, сезінгеннің өзі балаға үлкен мотивация. Оған қоса үйірме жетекшілерінің де балаға деген қарым-қатынасы жақсы екен. Балаларым үйірмеден қалмауға тырысады, – дейді Әсел есімді ата-ана.

    Шығармашылық орталықта баланың тек 2 үйірмеге ғана қатысуына мүмкіндік берілген. Үйірмеге тіркелген балалар реттілік бойынша шақырылады. Үйірме жетекшілері де нақты жоспар бойынша жұмыс істейді. Олардың жұмыс жоспары бағдарланған. Қазіргі таңда үйірме жұмысы әлеуметтік желілерде тұрақты ақпараттандырылып келеді. Тұрғындар оны орталықтың инстаграм және фейсбук желісінде бақылай алады. Үйірмелерге жазылу туралы ақпаратты да сол арқылы біле алады.

             Дарынды балалардың қабілетін ашуда бұл шығармашылық орталық шынымен ел игілігіне жарап тұр.

    Айдана Сейіл

    Қызылорда Өнер
    Previous ArticleХалық көңілінен шыққан «Қызылорда нан»
    Next Article Дархан Бақтияров: Қыс маусымына толық дайынбыз
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.