Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық режиссер Instagram-ның үздік 25 контент авторының қатарына енді
    Жаңалықтар

    Қазақстандық режиссер Instagram-ның үздік 25 контент авторының қатарына енді

    SalemnewsSalemnews02.11.202632 Mins Read
    Фото: Instagram @medet
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстандық режиссер әрі креатив маман Медет Шаяхметов Instagram Rings 2026 халықаралық сыйлығын иеленді. Ол байқауда үздік деп танылған 25 автордың қатарына еніп, футбол жұлдызы Эрлинг Холанд, британдық әнші Little Simz секілді әлемге танымал тұлғалармен бірге марапатталды, деп хабарлайды Salemnews ақпарат агенттігі. 

    Instagram бұл жолы танымалдықты жазылушылар санымен өлшемей, өзгелерге ұқсамайтын туындыларымен көзге түскен авторларды таңдаған. Rings сыйлығы әлеуметтік желідегі қалыптасқан үлгіден шығып, тың идея ұсынатын авторларға беріледі.

    Жеңімпаздарды әлемдік өнер мен шығармашылық индустриясының өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтады. Олардың қатарында рэпер A$AP Rocky, әйгілі дизайнер Донателла Версаче, музыкалық продюсер FINNEAS, режиссер Хлоя Чжао және Instagram басшысы Адам Моссери бар.

    Биыл марапат иелерінің қатарында футболшы Эрлинг Холанд, әнші Little Simz, модель Бавита Мандава да бар.

    Сыйлық иелеріне Instagram парақшасын безендіруге арналған арнайы мүмкіндіктер ұсынылады. Соның бірі – қолданушының аватарын айнала қоршайтын алтын түсті сақина. Одан бөлек, жеңімпаздарға коннемара мәрмәрінен жасалған естелік жүлде табысталады. Оның дизайнын BODE сән үйінің негізін қалаушы Эмили Адамс Бодэ Ажла жасаған.

    Медет Шаяхметов қазір Нью-Йоркте тұрады. Ол режиссер, музыкалық бейнебаяндар түсіруші әрі PBC Worldwide компаниясының креатив директоры. Оның туындыларынан көше мәдениетінің әсерін, заманауи өнер мен өзгеше шығармашылық шешімдерді байқауға болады.

    Instagram Rings сыйлығының иегерлері қатарынан қазақ маманның көрінуі – оның шығармашылық еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.

    Айта кетейік, Дастан Мұхамедрахим — Қазақстанның табиғи сұлулығын әлемге танытып жүрген саяхатшы-блогер. Оның парақшасында Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы облысының көрікті жерлерінен түсірілген бейнежазбалар да бар.

    Инстаргам
    Previous ArticleАлматыда Хэллоуин тойлағандар жаппай ұсталды
    Next Article Қазақстан дүкендерінде Ресейден әкелінген тауарлар көбейді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.