Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған
    Жаңалықтар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    SalemnewsSalemnews20.11.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Астанада Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Ғылым қорынан» берілген 297 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады. Қаражат агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық жобаны жүзеге асыруға бөлінген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2023 жылы «Ғылым қоры» елордадағы кәсіпкерге ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру үшін грант берген. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 350 миллион теңге болған. Мемлекеттік қаражат пайдаланылған өсімдік майын регенерациялау және тазарту өндірісін іске қосуға жұмсалуы тиіс еді.

    Алайда тергеу мүддесіне байланысты аты-жөні жарияланбаған кәсіпкер ақшаны шикізат, жабдықтар мен қызметтерді сатып алу бойынша жалған мәмілелер арқылы өзіне бақылауындағы шоттарға аударып отырған.

    “Атап айтқанда, жобада көзделген дат баспайтын болаттан жасалған үш өндірістік желінің орнына техникалық талаптарға сәйкес келмейтін, көміртекті болаттан жасалған екі қондырғы ғана сатып алынған”, – деді ҚМА.

    Ол өнім өндіруді де, сатуды да бастамаған. Ақшаның бір бөлігін өзіне қатысы бар компаниялар арқылы шығарып отырған. Кейін қаражаттың бір бөлігі жеке кәсіпкердің шоттарына өз қаржысы ретінде қайта аударылып, сол ақшаға кәсіпкер лизинг арқылы автокөліктер алған.

    Бұдан бөлек, 1,7 миллион теңге «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының» қызметкеріне пара ретінде берілген. Заңбұзушылықтар туралы білген сарапшы тексеру барысында оларды көрсетпей, «Ғылым қорына» жобаны әрі қарай қаржыландыруды ұсынған. Күдіктілердің екеуі қамауға алынды. Олардың алты автокөлігі, пәтері мен жабдықтарына тыйым салынды.

    Previous ArticleҚазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026

    «Қазақтелекомның» пайдасы бір жылда 89%-ға жуық азайды

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.