Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда Хэллоуин тойлағандар жаппай ұсталды
    Жаңалықтар

    Алматыда Хэллоуин тойлағандар жаппай ұсталды

    SalemnewsSalemnews02.11.202622 Mins Read
    Фото: Видеодан скрин
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Әлеуметтік желіде Алматыда Хеллоуин мерекесін тойлағандардың жаппай ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Salemnews ақпарат агенттігі. 

    Egov.press Telegram арнасында жарияланған ақапаратқа сенсек, Алматыда Хэллоуин мерекесін тойламақ болғандар неше түрлі костюм киіп көшеге шыққарн. Алайда оларды полиция қызметкерлері ұстап әкеткен. 

    Видеодан Жібек жолы көшесіндегі полиция бөлімшесінің маңына көп адамның жиналғанын көруге болады.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы ауданында қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық іс-шаралар жүргізілген.

    “Полиция мерекелік іс-шараларды өткізуге, тұрғындардың жаппай демалуына және бос уақытын ұйымдастыруына кедергі келтірмейді. Сонымен қатар ішкі істер органдарының басты міндеті – қоғамдық кеңістіктегі барлық адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен ықтимал оқиғалардың алдын алу», – деп атап өтті ведомство өкілдері.

    Полиция өкілдерінің айтуынша, рейд кезінде кәмелетке толмағандар көптеп жүрген. 

    “Арбат» жаяу жүргіншілер аймағында түнгі уақытта заңды өкілдерісіз жүрген 28 жасөспірім анықталды”, – деп мәлімдеді полиция. 

    Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді.

    Тәртіп сақшылары заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына тыйым салынғанын еске салды.

    “Ата-аналарды балаларының бос уақытын ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарауға, олардың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын, әсіресе кешкі және түнгі уақытта бақылауға шақырамыз. Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілі”, – дейді полиция қызметкерлері. 

    Олар профилактикалық жұмыстың құқық бұзушылықтардың алдын алуға, кәмелетке толмағандарды қорғауға, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

    Алматы Хэллоуин
    Previous ArticleҚазақстанда жүлде қоры 30 миллион теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды
    Next Article Қазақстандық режиссер Instagram-ның үздік 25 контент авторының қатарына енді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.