Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан дүкендерінде Ресейден әкелінген тауарлар көбейді
    Жаңалықтар

    Қазақстан дүкендерінде Ресейден әкелінген тауарлар көбейді

    SalemnewsSalemnews02.11.202612 Mins Read
    Фото: magnific.com
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазақстанға шетелден жеткізілетін азық-түлік көлемі артты.Соңғы сегіз айда өзге мемлекеттерден бес миллиард доллардың тауары импортталған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,3%-ға көп. Әсіресе, Ресейден келетін тауарлардың үлесі артқан. Бұл туралы Salemnews ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме  жасап хабарлайды.

    Ресейден кейін Қытай, Беларусь пен Өзбекстанның өнімдері елімізде көптеп сатылып жатыр. Бразилия мен Германиядан келетін азық-түлік те аз емес. EnergyProm-ның статистикасына сенсек, елге импортталған азық-түліктің жартысы Ресейден жеткізіледі. Көрші елдің сүт, кондитерлік өнімдері, өсімдік майы, қант пен дәнді-дақылдары дүкен сөрелерін толтырған. Тіпті, бидай мен арпаның негізгі үлесі де сол жақтан импортталады.

    Фермерлер қауымдастығының өкілдері бұл геосаяси жағдайдың салдары деп болжап отыр. Өйткені ресейлік кәсіпкерлер қазір өнімдерді кедендік одақ елдеріне ғана сатып жатқанын айтады.

    “Мына саяси жағдай болғандықтан Ресей баяғыдай өз өнімін сыртқа шығарудан шектеліп отыр. Еуропаға, басқа елдерге шығара алмайды. Өзінің аумағы үлкен. Көп заттарды өндіретін болғандықтан ол артық нәрсені әрине, сыртқа сатады. Оның үстіне біз кеден одағының, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың ішіндеміз. Сондықтан олар бері қарай бізге сатады”, – дейді Қазақстан фермерлер қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ақпар Мәуленов.

    Екінші орында Қытай тұр. Қазақстанға бұл елден келетін азық-түліктің көлемі 24%-ға артыпты. Беларусьтің сүт, қаймақ, ірімшіктері мен Өзбекстанның пияз, қырыққабат секілді көкөністері де тонналап жеткізіледі. Тұрғындар импорттық өнімдердің бағасы отандық тауарлардан едәуір арзан дейді.

    Сарапшылардың болжамынша, импорт үлесінің артуы ішкі нарыққа қауіп төндіруі мүмкін. Себебі баға, өнім көлемі мен сауда саясатына қатысты өзгерістер Қазақстандағы азық-түлік құнына тікелей әсер етуі ықтимал.

    Дүкен Ресей
    Previous ArticleҚазақстандық режиссер Instagram-ның үздік 25 контент авторының қатарына енді
    Next Article Тоқаев Алжир президентін ұлттық мерекесімен құттықтады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.