Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Талсуат тынысы: ауылдың ажарлы келбеті
    Жаңалықтар

    Талсуат тынысы: ауылдың ажарлы келбеті

    SalemnewsSalemnews22.11.202563 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қазыналы ауылдың қазіргі күйі ерек. Бүгінде Талсуат ауылдық округінде 2465 адам қоныстанған. Экономикалық белсенді халық саны 1253 болса,  өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 150. Жыл басынан 15 тұрғын  тұрақты жұмыспен қамтылған болса, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында 23 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған екен.

    Әрине, әлеуметтік қолдаусыз ауылды өркендету мүмкін емес. Бұл орайда талсуаттықтардың ұпайы түгел. Ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар да назардан тыс қалмай, мемлекет қамқорлығына алынған. Жыл басынан аз қамтылған 33 отбасына 8 701 482 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ауылдық округ тұрғындарын міндетті әлеуметтік медининалық сақтандыру шеңберінде Талсуат ауылдық округінде медициналық амбулатория алғашқы көмек беріп, дәрі-дәрмекпен қамтуда. Мұнда 2 дәрігер, 6 жалпы тәжірибелік аяжан, 1 ем-шара бөлімінің аяжаны тұрғындарға медициналық қызмет көрсетеді.

    Тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген ауылдық округтегі әлеуметтік қызмет көрсететін 3 мекемеге жаяу жүргінші жолын салу мен көше жарығын жүргізу мәселесі шешімін тапты. Жобаның сметалық құжаты «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» тарапынан әзірленіп, 2025 жылы қалалық бюджеттен толық көлемде қаржыландырылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша мердігер мекемемен құны 75,8 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыс толық аяқталды. 

    – Ауылдық округтегі 1-ші тұйық көшеге жарық бағаналары орнатылды. Жоба  құны 2 млн 341 мың теңгені құрайды. 3-ші тұйық көшеге де тас төселіп, оған 13 млн 279 мың теңге қаржы қаралды.Сонымен қатар Тағзым алаңы абаттандырылып, ағымдағы жөндеу жүргізілді. Құны 4,992 мың 152 теңгені құрайтын құрылысты мердігер мекеме «ALYSER» COMPANY ЖШС орындады.Самаладай жарық көшелермен тұрғындар емін-еркін жүретін болды. Мәселен биыл Астана, Алматы, Ақмешіт, Отырар, О.Сауытбаев, С.Нұрмағамбетов көшелеріне көше жарығы жүргізілді. Оған 51,9 млн теңге бөлінді. Құрылысты «Орда-Құрылыс» мекемесі орындады, – дейді ауыл әкімі.

    Табыс торабы

    Мұндағы бюджеттің ахуалы да жақсы – биыл 214, 4 млн теңгеге бекітілген. Салықтық түсім 2025 жылға 11 млн 417 мың теңгеге жоспарланса, 10 айда 12 400,6 теңге түсіп,  жоспар  108,6%-ға орындалды. Округте 189 шағын кәсіпкерлік нысаны 174 дара кәсіпкерлер, 6 шаруа қожалығы тіркелген, заңды тұлға – 9.

    Ауылдық округ әкімі Ерлан Бейсенбаевтың айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен жыл басынан  несие портфелі 85,6 млн теңгені құрайтын 11 жоба мақұлданған.

    Айта кетейік, өткен жылы ауылда 7 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл тұрғындарының 11 жобасы қаржыландырылды. Оның ішінде 3 жоба қайтарымсыз грантқа ие болса, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 5 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл жобалардың ішінде кондитерлік цехы, ысталған балық өндірісі, техникалық жөндеу орталығы, мал басын көбейту бастамалары қамтылған. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 49,2 гектар жерге, оның ішінде 38 га көкөніс, 1,2 га картоп, 10 га бақша дақылдары егіліп, мал саны 2533 басқа жетті.

    Қызылорда
    Previous ArticleАуыл мен өнеркәсіп тоғысы: Қызылорда қаласының ауылдары қалай дамиды?
    Next Article Астанада 11 денсаулық сақтау нысаны салынады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026

    В Кыргызстане запретили кремацию тел

    04.08.2026

    Қазақстанда пәтерді сату салығы: мұраға немесе сыйға берілген баспанаға салық қашан төленеді?

    03.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.