Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қала мен өнер: Шаһарда «Күзгі Қызылорда» фото көрме – сайысы өтті
    Жаңалықтар

    Қала мен өнер: Шаһарда «Күзгі Қызылорда» фото көрме – сайысы өтті

    SalemnewsSalemnews14.11.202583 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласында күздің сұлулығы мен шаһар келбетін әспеттеуге арналған байқауы ұйымдастырылды. Көрмеде қатысушылар шаһарымыздың көркем келбетін, күзгі сұлулығын және шығармашылық көзқарасын ұсынды.

    Шараға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов қатысып, фотошеберлердің еңбектерін тамашалады. Көрмеге барлығы 15 фотошебер қатысып, өз туындыларын көрермен назарына ұсынды. Өнер арбатында өткен фото көрме-сайысына кәсіби және әуесқой фотографтар қатар бой көрсетті. Әрбірі Қызылорданың табиғатын, қаланың ерекше сұлулығын фотосуретпен жеткізуге тырысқан. фотографтар күзгі сұлулықты, әдемі ғимараттарды, ең бастысы бақытты қала тұрғындарын кадрға алған.Өнер арбатында өткен фото көрме-сайысына кәсіби және әуесқой фотографтар қатар бой көрсетті.

    – Қызылорданың сұлулығын өз көзіммен басқаша жеткізгім келді. Менің көзімде Қызылордада өте сұлу адамдар, бақытты адамдар, эмоцияға толы адамдар өмір сүреді. Жұрттың көзіне талы жоқ серый болып көрінгенімен өзінің атмосферасы бар, адамдары арқылы табиғаты арқылы әдемі көрінетін қала болып елестейді. 1.00 Мен негізінде сол орманға, алыс беріс шықпай, күнделікті көріп жүрген жерлерімнен, үйдің, есіктің алдынан қандай сұлулықты көрдім, соны ғана алып жүрдім. Үйдегілерді шақырып тұрып, әдемілеп фотосессия жасағаным бар, – деді жас фотограф Нұрайым Қабден.

    Көрмеге ерекше фото ұсынған Нұрайымның шығармашылық жұмысынан жылылық, ағайындардың бауырмалдығы, сұлулық пен нәзіктік байқалады. Әдемі сәтті көркем кадрға айналдырған бойжеткен фотоөнерге бала кезден қызыққан. Шара арқылы жарқын туындыларын көрерменге көрсетуге мүмкіндік алды.

    Талантты фотограф Дінмұхамед Бегімов те көрме алаңынан табылды. Ол шараға бірнеше фотоны ұсынып, лайықты бағасын алды.

    – Көрмені мен баяғыдан хабардармын. Мен Қызылорда бойынша фотографпын. Біз бірінші алғашқы Президент саябағын түсірдік. Қорқыт саябағы бар. Жеке модельмен жұмыс болды. Түрлі фотолар алып келдік. Менде ерекше фотоның бірі табиғатпен фото түсірдік. Маған осы Қызылордада күз мезгілінде күндізгі фотоларды түсірген ұнайды. Мен сол фотоларды жинап, дайындалып, сақадай сай болып келдік. Он фото алып келдік, – деді фотограф.

    Айта кетейік, шараның негізгі ұйымдастырушылары – «Pozitiffрroduction» фото-видео студиясы және қалалық жастар ресурстық орталығы.

    – Негізгі ойымыз айқын, ол – қаламыздағы фотографтарды қолдау, қаламыздың әсем жерлерін осы қонақтарға көрсету. Осы мақсатта 16 қатысушы барын салды, жақсы нәтиже көрсетті.

    Талаптар тек фотоаппаратпен түсірілуі керек. Телефонмен түсіруге, дрон секілді экшн камераларды қолдануға болмайды. Және тақырыбы бар. Күзгі Қызылорда. Осы тақырыптың аясында түсірілуі керек.

     Байқауға қатысушылар тың идеясы арқылы табиғаттың әдемі көріністерін, қаланың ел біле бермейтін орындарын фотоға түсірген. Олардың еңбегін кәсіби білікті мамандар ғана емес, қала тұрғындары да бағалады. Яғни, арнайы стикерлерді өзі ұнатқан фотоға жапсырып, таңдау жасады, – деді  Байқауға қатысушылар тың идеясы арқылы табиғаттың әдемі көріністерін, қаланың ел біле бермейтін орындарын фотоға түсірген. Олардың еңбегін кәсіби білікті мамандар ғана емес, қала тұрғындары да бағалады. Яғни, арнайы стикерлерді өзі ұнатқан фотоға жапсырып, таңдау жасады, – деді «Pozitiffрroduction» фото-видео студиясының басшысы Жалғасбек Жарқынбекұлы.

    Байқау нәтижесінде 1 – орынды Берікбол Әбутәліп, 2 – орынды Наталья Голованова, 3 – орынды Рүстем Әли иеленді. Сондай-ақ, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Берікбол Әбутәліп пен Нұрайым Қабден марапатталды. Шығармашылық қабілеті арқылы қаланың әдемілігін көркем түрде бейнелеген жастарға қаржылай сыйақы табысталды.

    – Күз – фото­графтар үшін ерек­ше мезгіл. Та­биғат түрлі түске боялып, жас­тардың шабыты ояна­тын кезең. Біз осы шара арқылы жастардың еркін шығармашылық ойлауына жол ашып ғана қоймай, олардың еңбегін көпшілікке танытуды мақсат еттік. Мұнда жас фотографтар бар. Олар Қызылорданың сұлулығын фото арқылы қала тұрғындарына жеткізеді. Бір сөзбен айтқанда фотоға жан бітіреді. Шын мәнінде, фотоөнер деп әдемі кадрды атамаймыз. Керісінше нағыз фотода өмірдің шынайы сәтін уақытпен ұштастыруды, сол бір ерекше сәтті яғни кадрды ұстап қалуды айтамыз. Осы тұрғыдан алғанда, жас фотографтар туған қаланың бейнесін ерекше қырынан көрсете алды, – дейді «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Медет Жорабек.

    Previous ArticleҚалдықсыз болашаққа бастар жол: Қызылордадағы тазалық жұмыстары қалай жүргізілуде?
    Next Article Ауыл мен өнеркәсіп тоғысы: Қызылорда қаласының ауылдары қалай дамиды?
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-тағы тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан 53 жастағы семейлік әйел жазаланды

    06.08.2026

    Баянауыл тауларындағы арқарлар дрон арқылы видеоға түсірілді

    06.08.2026

    Казахстанцы смогут получать больше медицинских услуг онлайн

    04.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.