Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қостанай облысында 230 келі есірткі тәркіленді
    Жаңалықтар

    Қостанай облысында 230 келі есірткі тәркіленді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.06.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com


    Жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 230 килограмм есірткі заты тәркіленді, 180 есірткі сайты мен 100 граффити-жазу жойылып, 2,9 мың банк шоты бұғатталды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бас прокуратура мәліметінше, қылмыстық қудалау аясында екінші деңгейлі банктердегі жалпы сомасы 194 млн теңге болатын қаражатқа сот шешімімен тыйым салынды. Қылмыстық жауаптылыққа 33 адам тартылды, оның ішінде 13-і – есірткі заттарын өткізгені үшін, 2-і – оларды жарнамалағаны үшін.

    Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Жітіқара қаласының тұрғыны интернет-ресурстар арқылы есірткі заттарын жарнамалап, өткізгені үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында сотталған әйелдің телекоммуникация желілері мен онлайн-платформаларды пайдаланып, «Telegram» мессенджері арқылы есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен қызметіне белсенді қатысқаны анықталды.

    Сонымен қатар, ол SMM-менеджер қызметін атқарып, «Telegram» мессенджерінде, «TikTok» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде есірткі дүкенін ұйымдастырушылардың мүддесі үшін есірткі таратушыларды тарту мақсатында «табыс табу» туралы хабарландыруларды жүйелі түрде жариялап отырған.

    Тінту барысында оның тұрғылықты жерінен 790 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

    Құқық қорғау, арнайы және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде өңірде есірткі қылмыстарының саны 213-тен 134-ке дейін, яғни 37 %-ға төмендеді.

    Атап айтқанда, есірткі заттарын сақтау фактілері 101-ден 61-ге дейін, ал өткізу фактілері 69-дан 41-ге дейін азайды.

    Previous ArticleҚызылордада 113 мыңнан астам ағаш дерегі базаға енгізілді
    Next Article Алматы облысында жер сілкінді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.