Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы облысында жер сілкінді
    Жаңалықтар

    Алматы облысында жер сілкінді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.06.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com


    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 8 маусым күні Астана уақытымен сағат 21:55-те Алматы облысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 42,920° және шығыс бойлығының 78,188°. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған.

    Есептік қарқындылығы Алматы облысы Кеген ауданындағы Саты ауылында 2,5 балл, ал сол ауданның Жалағаш ауылында 2 балл болған.

    Жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін және сел жүру қаупі бар аумақтарды тексерді. Сондай-ақ олар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын көзбен шолып, ықтимал зақымданулардың бар-жоғын анықтады.

    Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталған жоқ. Барлық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. ТЖМ мәліметінше, жағдай тұрақты.

    Бұл – соңғы күндері Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірінде тіркелген екінші жер сілкінісі. Бұған дейін 4 маусым күні жер асты дүмпулерін Алматы қаласының тұрғындары, сондай-ақ Алматы, Абай және Жетісу облыстарының бірқатар елді мекендерінің тұрғындары сезінген болатын. Ол кезде ең жоғары қарқындылық Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында 4 баллға жеткен. Ол жағдайда да зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет тіркелмеген.

    Previous ArticleҚостанай облысында 230 келі есірткі тәркіленді
    Next Article Елордада бөтен адамның картасымен сауда жасаған күдікті ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.