Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған
    Жаңалықтар

    Таразда автобус жүргізушісі мас күйінде жолаушы тасымалдаған

    SalemnewsSalemnews26.09.202551 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Таразда полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде жолға шыққан автобустың жүргізушісін тоқтатты, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат порталы.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық шара барысында құқық қорғаушылар күдік туғызған жолаушылар автобусын байқап, оны тексеру үшін тоқтатқан.

    Тексеру барысында №17 маршруттағы автобустың 55 жастағы жүргізушісі мас күйде болғаны анықталды. Медициналық тексеру оның қанында алкоголь бар екенін растады.

    Осылайша жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамауға алынды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

    «Жүргізушінің мас күйде көлік жүргізуі жолдағы қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді және қатаң жауапкершілікке әкеп соқтырады», – деп ескертті полиция қызметкерлері.

    жүргізуші қоғамдық көлік
    Previous ArticleТоқаев Мұрат Нұртілеуді жаңа қызметке тағайындады
    Next Article Қазақстанда үздік мұғалім 4 млн теңге алады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.