Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жезқазғанда той кортежі қарсы жолаққа шығып, 6 адам жауапқа тартылды
    Жаңалықтар

    Жезқазғанда той кортежі қарсы жолаққа шығып, 6 адам жауапқа тартылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto


    Жезқазғанда жол ережесін бұзған той кортежі анықталып, 6 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    8 тамызда Жезқазған қаласында Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Сарыарқа көшесінде қозғалыста болған автоколоннаның жол жүрісі қағидаларын бұзғанын анықтады.

    Тексеру барысында автоколоннаның үйлену тойына қатысу мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды.

    Атап айтқанда, жолаушылардың автокөлік терезесінен денесін шығарғаны, көлік жүргізуге құқығы жоқ адамға автокөлікті бергені және қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны анықталды.

    «Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша жүргізушілер мен жолаушылар заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды», — деп хабарлады полиция.

    Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

    Previous ArticleАқтауда қайғылы оқиға: әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды
    Next Article Зағип пианиношы Абылай Мұстафин Лондонда өткен халықаралық байқауда 1-орын иеленді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.