Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Зағип пианиношы Абылай Мұстафин Лондонда өткен халықаралық байқауда 1-орын иеленді
    Жаңалықтар

    Зағип пианиношы Абылай Мұстафин Лондонда өткен халықаралық байқауда 1-орын иеленді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова09.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Әлеуметтік желіден


    Қазақстандық зағип пианиношы Абылай Мұстафин Лондонда өткен Golden Time Talent халықаралық байқауында «Фортепиано» номинациясы бойынша 1-орын иеленді. Бұл туралы өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оның айтуынша, байқау барысында әлемнің әр түкпірінен келген талантты пианистермен танысып, олармен бірге Корольдік музыка академиясының сахнасында өнер көрсетуге мүмкіндік алған.

    «Барлығыңызға сәлем!

    Мен үшін қуанышты жаңалық бар. Мен Лондон қаласында өткен Golden Time Talent халықаралық байқауының «Фортепиано» номинациясы бойынша 1-орынды жеңіп алдым.

    Мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты пианистермен танысып, олармен бірге Корольдік Музыка Академиясының сахнасында өнер көрсеткеніме зор әсер алдым», – деп жазды Абылай Мұстафин.

    Оның айтуынша, байқау оған өзгелермен тең екенін сезінуге мүмкіндік берген.

    «Бұл байқау маған бір сәтке болса да бәрімен бірдей екенімді сезінуге мүмкіндік берді: мен рояльдің алдына отырғанда, бүкіл әлем мен үшін тоқтап қалғандай болды. Ноталарды көрмей, шығарманы жатқа ойнағаным маңызды емес еді.

    Мен музыкаға еніп, мұғаліммен бірге өткен жаттығуларымдағыдай ойнадым.

    Өнерімнен кейін залдағы тыңдаушылар – байқаудағы жолдастарым мен қазылар алқасы – ду қол шапалақтап, зор қолдау көрсетті. Сол сәтте мені бүкіл әлем қабылдағандай сезіндім», – деп жазды ол.

    Previous ArticleЖезқазғанда той кортежі қарсы жолаққа шығып, 6 адам жауапқа тартылды
    Next Article Шарын шатқалында құтқарушылар Үндістан азаматына көмек көрсетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.