Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Жатқан жеріңіз жайлы болсын»: Толқын Забирова жақын адамының өмірден өткенін жеткізді
    Жаңалықтар

    «Жатқан жеріңіз жайлы болсын»: Толқын Забирова жақын адамының өмірден өткенін жеткізді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова13.08.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: SN.kz коллажы


    Танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен ұстазы Пернебек Момынұлы Момыновқа арнап әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Өнер иесінің айтуынша, ұстазының қайтыс болғаны туралы хабар оған өте ауыр тиген. Пернебек Момынұлы кезінде әншінің өнер жолындағы алғашқы қадамдарына сенім білдіріп, үлкен қолдау көрсеткен.

    «Кеше мен үшін жүрекке ауыр тиетін қаралы хабар жетті. Мектебімнің директоры, менің өнер жолымның алғашқы қадамдарына сенім білдірген аяулы ұстазым Момынов Пернебек Момынұлының дүниеден өткенін естіп, көңілім құлазып отыр.

    Адам өмірінде ұмытылмайтын, оның бүкіл тағдырына әсер ететін сәттер болады. Менің өмірімде сондай сәттің бірі – мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезім.

    Ол кезде мектепке қабылдану мерзімінен кешігіп қалған едім. Бірақ Пернебек Момынұлы мені сыртқа теппей, жағдайымды түсініп, өнеріме мүмкіндік берді. Ән айтатынымды тыңдап: «Мұндай қызға ешқандай емтиханның қажеті жоқ», – деп мені мектепке қабылдаған еді.

    Бұл – жай ғана айтылған сөз емес. Бұл – бала бойындағы талантты көре білген үлкен жүректің, көреген адамның шешімі еді. Сонымен қатар тек маған ғана емес, интернаттан шықпай, жатып оқып жүрген балаларды, өз демалыс күнінде, тауға, өзенге апарып, қамқорлық танытқан кең жан еді. Пернебек Момынұлының бойында нағыз азаматқа тән адамгершілік, парасат, кеңдік, сабыр мен көрегендік бар. Ол сол күні менің құжаттарымнан бұрын, жүрегімдегі арманға қарады. Менің бойымдағы өнерге сенді. Маған ең қымбат сый – мүмкіндік берді.

    Адамның тағдырын өзгерту үшін кейде үлкен дүниенің қажеті жоқ екен. Бір ауыз жылы сөз, бір сәттік сенім, бір ғана мүмкіндік – адамның бүкіл өміріне жол сілтеуі мүмкін. Артында өшпес із, жақсы есім, саналы шәкірттері мен жарқын естеліктері қалды.

    Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, барша шәкірттері мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пернебек Момынұлының жарқын бейнесі, адамға деген мейірімі мен бір кездегі маған артқан сенімі менің жүрегімде мәңгі сақталады.

    Қош болыңыз, ардақты ұстаз. Сіз берген мүмкіндік – менің өмірімдегі өшпес аманат», – деп жазды Толқын Забирова. 

    Previous ArticleАсылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
    Next Article Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.