Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті
    Жаңалықтар

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова14.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto


    Астанада тұрғын үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен екі жасар бала құлады. Бүлдіршінге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқиға өткен демалыс күндері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала жатын бөлмедегі терезе алдына шығып, масадан қорғайтын торға сүйенген, содан кейін терезеден құлап кеткен.

    «Осы сәтте анасы басқа бөлмеде үй жинап жатқан. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда, тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Астана қаласының Полиция департаментінен.

    Ведомство өкілдері масадан қорғайтын тордың қоршау болып табылмайтынын және баланың салмағын көтере алмайтынын еске салды.

    Тәртіп сақшылары ата-аналарды кішкентай балаларды тіпті бірнеше минутқа да қараусыз қалдырмауға шақырды. Терезелерге арнайы бұғаттағыштар, фиксаторлар мен шектегіштер орнату, сондай-ақ бала терезе алдына шығып кетпеуі үшін олардың жанынан төсек, диван, орындық және басқа да жиһаздарды алыс жылжыту ұсынылады.

    Полициядағылар егер баланың ашық терезеге еркін өтуіне мүмкіндігі болса, пәтерде ересектердің болуының өзі баланың қауіпсіздігіне кепілдік бермейтінін баса айтты.

    Previous Article«Жатқан жеріңіз жайлы болсын»: Толқын Забирова жақын адамының өмірден өткенін жеткізді
    Next Article Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    «Жатқан жеріңіз жайлы болсын»: Толқын Забирова жақын адамының өмірден өткенін жеткізді

    13.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.