Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Жайық» волейбол клубы Орталық Азия чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды
    Жаңалықтар

    «Жайық» волейбол клубы Орталық Азия чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды

    SalemnewsSalemnews16.07.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Волейболдан Қазақстан чемпионатының биылғы маусымдағы жеңімпазы – «Жайық» волейбол клубы 17-23 шілде аралығында Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында өтетін Орталық Азия чемпиондар лигасына қатысады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қазақстан Волейбол федерациясының мәліметінше, биылғы халықаралық додаға 5 елден 6 команда қатыспақ. Бұл турнир – сары құрлықтағы беделді турнирлердің біріне жатады .

    Қазақстанның атынан сынға түсетін «Жайық» командасын елімізге танымал, тәжірибелі бапкер Виктор Козик жаттықтырады. Команда негізін биылғы ел чемпионатында жеңіске жеткен ойыншылар құрайды – негізгі құрамнан 8 волейболшы турнирге қатысады.

    Сонымен қатар, Қазақстанның жетекші клубтарынан бірнеше мықты спортшылар шақырту алды. Атап айтқанда:

    • Сергей Кузнецов, Клим Рюхов – «Буревестник» (Алматы)
    • Қадырхан Нодирханов – «Ақтөбе»
    • Петр Чурзин – «Атырау» (Орал волейболының түлегі)

    «Жайық» клубы турнирдегі алғашқы ойынын 17 шілде күні өткізеді. Қарсылас – Шри-Ланканың беделді ұжымы, «Ports Authority» командасы.

    Бұл жарыс – тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар ел намысын қорғау миссиясы. Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Израиль мен Иран арасындағы геосаяси жағдайға байланысты Бахрейнде өтетін Ұлттар кубогына қатыса алмаған еді. Енді бұл жауапкершілікті отандық аренада сәтті өнер көрсеткен «Жайық» командасы арқалап отыр.

    Волейбол Жайық командасы чемпиондар лигасы
    Previous ArticleБритандықтардың көбі курьерлерді өз туыстарынан жиі көреді – зерттеу
    Next Article «Екі адам жарақаттанды»: Алматыда газ құбыры жарылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Ұлттық банк телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схема туралы ескертті

    17.02.2026

    Қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама тізімі анықталды

    17.02.2026

    Алаяқтарға 14 млн теңге берген әйелдің 2,5 млн теңгесі қайтарылды

    17.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 609 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 627 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 465 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.