Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жүргізуші куәлігін алып беремін деген танысына сенген жігіт 6,6 млн теңгесінен айырылды
    Жаңалықтар

    Жүргізуші куәлігін алып беремін деген танысына сенген жігіт 6,6 млн теңгесінен айырылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: gov.kz


    Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деген азаматтың сөзіне сенген 21 жастағы жігіт алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Зайсан қаласының тұрғыны танысына 6,6 миллион теңгеден астам ақша аударғаннан кейін полицияға арызданған.

    Жәбірленушінің айтуынша, ол биылғы ақпан айында бұрын бірге әскери борышын өтеген танысымен қайта байланысқа шыққан. Олар Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет атқарған.

    Танысы қазіргі уақытта Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтінін айтып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген.

    Оның сөзіне сенген жас жігіт алдымен алдын ала келісілген соманы аударған. Кейін күдікті құжат рәсімдеуге қатысты түрлі сылтау айтып, бірнеше рет қосымша ақша сұраған.

    Нәтижесінде жәбірленуші жалпы сомасы 6,6 миллион теңгеден асатын қаржыны әртүрлі есепшотқа жіберген. Ақшаның бір бөлігі өзіне белгісіз адамдардың шотына аударылған.

    Уәде етілген жүргізуші куәлігі берілмегеннен кейін жігіт өзінің алданғанын түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінген.

    Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция оқиғаның мән-жайын және ақша аударылған есепшоттардың иелерін анықтап жатыр.

    Previous Article«5 баламның арқасында жан-жақты болып жатырмын»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын айтты
    Next Article Ер адам әйелімен ажыраспау үшін балгерге барып, оны дуалауға тырысқан
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.