Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«5 баламның арқасында жан-жақты болып жатырмын»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын айтты
    Жаңалықтар

    «5 баламның арқасында жан-жақты болып жатырмын»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын айтты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова17.07.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөзден


    Блогер әрі әнші Мөлдір Мұқан ұлы Нұриманмен бірге табиғат аясында демалып, балық аулаған сәттерін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Өнер иесі әр баласының қызығушылығы мен таңдауларына құрметпен қарайтынын айтып, бес перзентінен көп нәрсе үйреніп жүргенін жеткізді.

    «Әр баламның ойымен санасамын, қызығушылығын, хоббиін сыйлаймын. Не деген бақыт! Мен енді балықшымын. Бес баламнан үйренерім көп екен. Өмір неткен ғажап едің, бес балаларымның арқасында, бес түрлі көзқараспен жан-жақты болып жатырмын. Балаларыммен қатар өзім де өсіп жатыр екенмін.

    Балық аулаудың әлемі бөлек екен, оны сезіну керек. Нұриман ұлдарыңыздың үлкен азамат болғанын, шешім қабылдай алатынын, өз ұстанымына беріктігін, мықты тәртібін (дисциплина) көріп бойынан, жүрегіме тыныштық орнады. Күнделікті таңғы бесте өзі тұрып, қармақ-бауымен жасақталып шыққанының өзі – ерлік және жігер. Нұриманмен өзімді дос сезініп, көңілім бала болып, әңгімелесіп, қазақтың дархан даласындағы бір сәт демалысыммен бөліскенім ғой сіздермен», – деп жазды ол.

    Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы пікір қалдырып, оның балаларының қызығушылығына қолдау көрсететініне сүйсінгендерін жеткізді.

    Previous ArticleШығыс Қазақстан тұрғыны көшеде көз жұмды
    Next Article Жүргізуші куәлігін алып беремін деген танысына сенген жігіт 6,6 млн теңгесінен айырылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.