Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады
    Жаңалықтар

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова20.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөзден


    Актриса әрі блогер Айым Сейітметова жұбайы Талғат Итаевпен ресми түрде ажырасқанын хабарлады, деп жазады salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Өнер иесі бұл жаңалықты көпшілікке жариялау туралы ұзақ ойланғанын айтты. Алайда олардың отбасылық өмірі бірнеше жыл бойы оқырмандардың көз алдында болғандықтан, ажырасқаны туралы өзі айтуды жөн көрген.

    «Талғат екеуміз ажырастық. Бұл сөздің артында өміріміздің үлкен бір кезеңі тұр. Жарқын сәттеріміз де көп болды, отбасымыз болды. Ең бастысы – бізді өмір бойы байланыстыратын қызымыз бар», – деп жазды Айым.

    Актрисаның айтуынша, уақыт өте келе ерлі-зайыптылардың арасында некені әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған. Дегенмен ол ажырасудың нақты себебін жария етпейтінін жеткізді.

    Айым Сейітметова бұрынғы жұбайымен арадағы құрмет пен сыйластықты сақтауға ниетті екенін де атап өтті. Оның сөзінше, екеуінің жолы ерлі-зайыпты ретінде екіге айырылғанымен, ортақ қыздары үшін әрдайым ата-ана болып қала береді.

    «Қызымыз әке-шешесінің екеуінің де махаббатын сезініп өссе деймін. Біздің ересектер ретінде қабылдаған шешіміміздің салдарын бала көтермеуі керек», – деді ол.

    Сондай-ақ блогер желі қолданушыларынан олардың ажырасуынан сенсация іздемеуді, түрлі болжам таратпауды және екі тараптың да атына жағымсыз пікір жазбауды өтінді.

    Айым бұл шешімді қабылдау оңай болмағанын жасырмады. Дегенмен енді өзінің де, бұрынғы жұбайының да өмірінде жаңа кезең басталатынын жеткізді.

    Previous Article«Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты
    Next Article «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026

    ШҚО-да полицейлер кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған 2 жұмысшыны құтқарып қалды

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.