Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Заң мен тәртіп» тақырыбында студенттермен кездесу өтті
    Жаңалықтар

    «Заң мен тәртіп» тақырыбында студенттермен кездесу өтті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова18.02.202682 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    18 ақпан күні К. Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Үлкен концерт залында Тәрбие жұмысы және жастар ісі бөлімі мен қаламыздың құзырлы органдарының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында студенттермен кездесу өтті деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі. Аталған шараға Астана қаласының Прокуратурасы, Ішкі істер органдарының қызметкерлері және дінтанушы мамандар қатысты.


    Кездесуге университет ректоры Ғалым Алгиұлы, барлық факультеттердің декандары, кураторлар мен профессор-оқытушылар құрамы толық қатысып, жастарға құқықтық және рухани бағытта маңызды ақпараттар берілді.


    Отырысты Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармаға қарасты «Қамқор-Астана» қоғамдық қорының дінтанушы маманы Қуатов Арулан мырза жүргізді. Ол студенттерге діни тұрғыда өзін дұрыс ұстаудың маңызын түсіндіріп, қазіргі интернет кеңістігінде діни мазмұндағы түрлі видеоларды тиісті мамандармен ақылдаспай жариялауға қатаң тыйым салынғанын атап өтті.


    Сонымен қатар, нақты мысалдар келтіріп, түрлі бейнематериалдар арқылы тақырыпты жан-жақты талдап өтті.


    Келесі сөз кезегі Астана қаласы Сарайшық аудандық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Қалмағамбетов Ғалымжан Бауыржанұлына берілді. Ол қазіргі таңда интернет алаяқтық фактілерінің көбейгенін айтып, әсіресе өзін ЦОН немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, 1414 нөмірінен келген SMS-хабарламаларға аса мұқият болу керектігін ескертті. Спикер бейнеслайдтар арқылы көптеген нақты жағдайларды көрсетіп, студенттерді интернет алаяқтарының құрбаны болмауға шақырды.
    Сонымен қатар, интернет кеңістігінде кеңінен таралған дропперлік алаяқтық мәселесі бойынша Сарайшық аудандық полиция басқармасының зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Мейрамова Асма Тұрлыбекқызы баяндама жасап, студенттерге алаяқтардың айла-тәсілдеріне алданбау жолдарын түсіндірді.


    Кездесу барысында Прокуратура өкілі Әзілхан Сангалиев мырза студенттер мен оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды әрі нақты жауаптар берді.
    Сондай-ақ, осы күні «Есірткі мен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Прокуратураның ұйымдастыруымен түсірілген қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Аталған фильмдер шынайы өмірде болған оқиғалар желісі негізінде түсірілген.


    Фильмдерде басты рөлдерді сомдаған университетіміздің «Драма театры және кино әртістері» мамандығының 2-курс студенттері – Тілектес Мейрамов шеберханасының тәрбиеленушілері Жұмабаева Света, Амангелді Бекзат және Рахимов Мирас сахна төріне шақырылып, университет ректоры Ғалым Алгиұлының қолынан естелік сыйлықтармен марапатталды.

    Previous ArticleЖамбыл облысында каннабис өнімдерін таратқан 4 тұрғын ұсталды
    Next Article Әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге ауруханаға жатқызылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.