Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге ауруханаға жатқызылды
    Жаңалықтар

    Әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге ауруханаға жатқызылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова18.02.2026211 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Танымал әнші Ерболат Құдайберген 15 күнге медициналық мекемеге жатқызылды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Алматы қалалық полиция департаменті әншіге көршілерінің шағым түсіргенін мәлім етті. 

    «Полицияға көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарынан олардың көршісі агрессивті мінез көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқаны туралы арыз түсті. Учаскелік инспектор дереу оқиға орнына барды. Ақпарат расталды: ер адам өзін ерсі ұстап, агрессия танытып, айналасындағылардың тыныштығын бұзған», – деп хабарлады полиция.

    Одан кейін ер адам медициналық тексеруге жіберілді. Сараптама оның психоактивті заттардың әсерінен осындай күйге түскенін көрсетті.

    «Медициналық көрсеткіштерді ескере отырып және қайталануы мүмкін құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін ол 15 тәулікке мамандардың бақылауымен арнайы медициналық мекемеге орналастырылды», – делінген полиция жауабында.

    Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұсталған азаматты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда:

    Азаматтардың тыныштығын бұзу;
    Психоактивті заттарды қолданып, қоғамдық орында жүру;
    Тіркеусіз тұру;
    Қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу.
    Айта кетейік, бұған дейін әншінің наркологиялық орталық маңында мас күйде болған видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Алайда оның менеджері Айдана Ахметбек желіде тараған видео мен ондағы ақпаратты жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандарға шара қолданамыз деп ескерткен еді. 

    Previous Article«Заң мен тәртіп» тақырыбында студенттермен кездесу өтті
    Next Article Алтын-Емел ұлттық паркінде сусарлар фототұзаққа түсіп қалды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.