Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ведомствоаралық кеңес өтті
    Жаңалықтар

    Ведомствоаралық кеңес өтті

    SalemnewsSalemnews31.07.202581 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Жуырда Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі А.Б.Қасеновтің төрағалығымен гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілерімен ведомствоаралық кеңес өтті.

    Аталған ведомствоаралық кеңесте 2025 жылы Қызылорда гарнизонындағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі мәселелері қаралды. Гарнизон прокуратурасының негізгі күш-жігері әскери басқару органдары мен қылмыстық қудалау органдарының қызметін үйлестіруге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және оларды болдырмауға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық және әлеуметтік құқықтарын қорғауға, сондай-ақ әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының «ӘСКЕРДЕГІ ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» және «ЦИФРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКА» атты ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыруға бағытталды.

    Өткен ведомствоаралық кеңес қорытындысы бойынша Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылық құрамына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын күшейту, сондай-ақ әскери қызметшілер арасында жарақаттану мен суицидтің алдын алу, қызметтік тәртіпті, әкімшілік заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, жол қозғалысы ережелерін мен әскери киім нысанын кию қағидаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару ұсынылады.

    Сонымен қатар казармадағы әлімжеттік пен әскери ортадағы өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында әскери қызметке шақыру, әскери бөлімдер мен мекемелерге жұмысқа орналасу барысында «сенім телефондары» (27-77-37, 87715058978) енгізілді.

    Қызылорда гарнизонының  әскери прокуратурасы

    Әскер кеңес отырысы Қыызылорда
    Previous ArticleҚазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды – сауалнама
    Next Article Мектеп асханаларындағы тазалыққа, қауіпсіздікке баса мән беру қажет – Нұрдәулет Қилыбай
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.